АРЫСТА ЖОЙҚЫН ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ
Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаменті департментте «Қауырт желісі» іске қосылғанын хабарлады. Тәулік бойы 8 (7112) 55-40-90 телефон нөмірі бойынша қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік бар.

Бүгін Түркістан облысының Арыс қаласында жойқын жарылыс орын алғаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың мәліметінше, оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылған.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Нұрахметов Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылысқа байланысты қала тұрғындары эвакуацияланып жатқанын мәлім етті.
«Арыс қаласы әкімінің өкімімен халықты Арыстан 50 шақырым жердегі Монтайтас ауылдық округіне эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл үшін 20 автобус жұмылдырылды. Сонымен қатар халықты көшіру үшін Шымкент қаласының әкімдігі 36 автобус жіберді. Шымкент қаласында 15 эвакуациялау бекеті құрылды. Қазіргі уақытта Арыстан 17 бала жеткізіліп, Самал-3 шағынауданындағы Назарбеков атындағы №87 мектепке орналастырылды», – деді ол.
Жарылыстың орын алғаны түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы таратылуда.
сурет 24.kz-тен алынды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу