ҚАРУ-ЖАРАҚ ТАПСЫРҒАНДАРҒА СЫЙАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде комиссиялар қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйін ескеріп 3 санатты қолданады.
• 1 – санатқа жатқызылатын қару:
-пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару;
-бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады;
• 2 – санатқа жатқызылатын қару:
-пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі болмайтын, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу жолымен жоюды талап етпейтін, жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады;
• 3 – санатқа жатқызылатын қару:
-негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалану қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады.
Ерікті түрде оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған кезде сыйақы мөлшері белгіленеді:
– гранат, мина, жарылғыш құрылғылары және артиллериялық снарядтар үшін жеті айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін ( 20 419 теңге);
– әрбір 1000 грамм жарылғыш заты үшін алты айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін (17 502 теңге);
– әрбір тапсырылған ойық қару патрондарына төленетін сыйақы сомасы:
калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бестен бір бөлігіне дейін (83,34 теңге) сыйақы;
калибрі 5,6 миллиметр (ұсақ калибрлі) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бестен бір бөлігіне дейін (25,37 теңге) сыйақы беріледі.
Ал келесі заттар мен құралдарға сыйақы төленбейді:
1) криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып табылмаған;
2) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің АБДБ-да «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға;
3) қолдан жасалған оқ-дәріге;
4) тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға арналған патрондарға.
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу