«ҚАРТТАРЫН АРДАҚТАЙ БІЛГЕН ЕЛДІҢ РУХЫ ҮСТЕМ»
Бала кезімізде ақ сақалды аталарымыз бен ақ шашты әжелеріміздің «Жасымда қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр» деп жаратқанға жалбарынып отырғандарына талай куә болдық. Бұған қоса олар адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жетпес бақыт екенін әр сөздеріне тұздық ететін. Сол уақыттары бұл қылықтарына күле қарап, кәрі адамға әдеміліктің не қажеті бар дейтінбіз. Сөйтсек қарттар сөзінің жаны бар екен.

Қазақ қашанда қазыналы қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан Ел ерлері әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. “Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік”, деп атап көрсетеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде. Шындығында да өсетін елдің өнегелі ұрпағы дария теңіз қариясын құрметтеп, кейуанасын сыйлауды әрқашан өмірлік қағида тұтқан. Осы қағиданы қалт жібермей 2020 жылғы 1 қазан күні «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі М.З. Баев пен Кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі О. В. Бенцлер, Қызметтің ардагерлері № 1МӨСБ жүргізушісі қызметін атқарған аға прапорщик В.В.Бондаренко мен №26 ӘӨСБ жүргізушісі болған сержант К.К.Толоконниковты қариялар күнімен құттықтады. Қызметте біраз жылдар қызмет еткен ардагерлер өздері жұмыс жасаған сол бір заматты, әріптестерін ойға алып, әдемі естеліктерімен бөлісіп, Қызмет басшылығына алғыс білдріп, жұмыстарнының жемісті болуын тіледі.
Ендеше «Үйдегі қарияң – жазып қойған хатпен тең», демекші қарттарын құрметтеген елдің ертеңі биік, мерейі үстем. Осындай дәстүрлі тәжірибеден тәлім алған егемен еліміз алғашқы күннен қарттарын қадірлеп, үлкенін құрметтеуді даму баспалдақтарында басымдыққа айналдырып келеді.
Ақиық ақын Сағи Жиенбаев қазақтың қазыналы қарттарының жиынтық бейнесін:
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым, аман саумысың, – деп төрт шумақ өлеңге сыйғызған екен. Дария кеуде, тау мүсіндерге ақыннан артық теңдессіз теңеу мен тамаша тілек таппаспыз, сірә. Қазыналы қарттарымыз аман болып, еліміз тыныш болсын деген тілек бізден!
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу