8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2019 2144 0
Қоғам

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

11 сәуір – Халықаралық фашистік концлагерьлер тұтқындарының босаған күні.  Осыған орай бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов концлагерь тұтқынында болған Антон Билоцкий, Иван Дунько, Виолетта Михайловна мен Вера Петровнаға құрмет көрсетіп, алғыс хат табыс етті.

Адамзат тарихының ең қатерлі парақтарының бірі – фашистік тұтқындар лагері тарихы. Тұтқындар лагерін – өлім лагері деп те атайды. Өйткені 1933-1945 жыл аралығында әлемнің 30 елінен 20 миллион адам тұтқында болып, оның 12 млн.-ы көз жұмған. 1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде Халықаралық фашистік концлагерьлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі. Бұл күн – сол лагерьде көз жұмғандар мен тірі қалғандарға құрмет күні саналады. Бүгінде Орал қаласында концлагерь тұтқынында болған 10 ардагер бар. Олардың төртеуі қала әкімдігінде өткен жиынға қатысты.

– Бұл адамдардың өмірі – жас ұрпақ үшін ерлік сабағы. Ел мен жер үшін жанын берген азаматтардың бүгінгі ұрпақтары олардың ерліктерін еш уақыт ұмытпайды. Бұл – біздің қасиетті боршымыз, – деген Бақытжан Хаберұлы ардагерлерге алғыс хат пен арнайы тарту ұсынды.

Атаулы күнге орай қала әкімдігінің құрметі үшін ризашылықтарын білдірген Иван Архипович пен Вера Петровна өздері бастан өткізген қиын кезеңдерді еске алып, еліміздегі бейбітшіліктің мәңгілік болуын тіледі.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»