АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ӨТКЕН ЖЫЛҒА ЕСЕП БЕРДІ
Бүгін Орал қалалық ардагерлер кеңесі 2018 жылды қорытындылап, Елбасының Жолдауындағы тапсырмаларынан туындайтын міндеттер барысын талқылады. Алдағы жұмыс жоспарларын нақтылады. Жиынға қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, аға буын өкілдерінің ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

Жиынды жүргізген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Әлжанұлының мәлімдеуінше, қазіргі таңда кеңес құрамында 33 ардагер болса, оның 13-і Президиум мүшесі, 8-і тұрақты комиссия, 12-сі бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағасы. Ардагерлер жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге ерекше үлес қосып келеді. Осы мақсатта қалада барлық қолайлы жағдай жасалған. Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл ардагерлері қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес білім ұяларында тәрбие сағаттарына қатысады. Ардагерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен заңдық құқықтық қорғалуына ықпал ету, мектептер мен оқу орындарындағы жасөспірімдер мен жастардың тәрбиесін жақсарту, ата-аналар комитеті мен ауылдардағы ақсақалдар кеңестерінің жұмысын жандандыру сияқты өзекті, өміршең істер болып табылып келеді.

Қазақта: «Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең, төскейінде қыр болса ерттеулі тұрған атпен тең» деген мақал бар. Адамшылықтың осы бір қасиетті жүгін қаладағы ардагерлер нақты іспен дәлелдеп келеді. Қала өміріне қатысты қоғамдық, саяси, рухани, мәдени салаларының қай-қайсының өркен жаюына білек сыбана кірісіп, белсенділік танытып жүрген де сол кісілер.

Басқосуда ардагер Әленғали Керейтегі Елбасының алдымызға қойған міндеттеріне орай алдымызда жасалатын жұмыстар көп екенін тілге тиек етіп: – 12 ауданнан келген қауымдастық мүшелері арасында көздері көрмейтін, құлағы естімейтін жандар бар. Жылына бір мәрте сол жандармен кездесу ұйымдастырылса. Биыл – жастар жылы. Осыған байланысты ардагерлер жастардың жұмысына белсене араласып, ақыл-кеңесімізді айта жүрсек. Аға буын өкілдері туралы естеліктер, тұшымды мақалалар баспасөз беттерінде көбірек жарық көрсе, – деген ұсынысын жеткізді.
– «Ардагерлер – алтын дiңгегiмiз. Қарты бар ел – қазыналы ел» дейді халық даналығы. Тарихтың көзi, Тәуелсіз еліміздің іргетасын адал еңбекпен қалаған – осы отырған ақ сақалды ағаларымыз бен ақ жаулықты аналарымыз. Ардагерлердiң Елбасы ұсынған тапсырмаларды жүзеге асыруға, елiмiздегi тұрақтылық пен татулықтың, этносаралық келiсiмнiң нығаюына қосып жатқан үлесi зор. Бүгінде Орал қаласында 45 750 ардагер тіркелген. Соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері – 63, тыл еңбеккері – 3 222. Шаһардағы бірде-бір саяси, экономикалық, мәдени-көпшілік, әлеуметтік, халықтық, мемлекеттік ірілі-ұсақты шаралар ардагерлердің белсенді қатысуынсыз өтпейді. Қариялардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Ардагерлер» клубы жұмыс жасайды. Бұл жерде ардагерлер шахмат, дойбы ойындарын ойнап, жерлестерімен бекітілген кестеге сай кездесулер ұйымдастырады. Бүгін дәстүрге сай, жылды қорытындылап, жаңа жылға қояр жоспарымызды нақтылауға бас қосып отырмыз. Бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселе де көп. Зейнеткерлерді Ақжайық шипажайына емделуге жіберу мәселесі өте қиын, яғни жолақы, тағы басқа мәселелер кедергі болған еді. Мәселелер шешімін тауып, өткен жылы 500 ардагер шипажайдан ем алып қайтты. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын табады. Денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер алдағы уақытта сарапталып, тиісті шешімдер қабылданатын болады. «Туған жер» бағдарламасы аясында мәдени шаралар өткізуге Қадыр орталығын бердік. Әр аудан түрлі деңгейдегі шаралар, кездесулер ұйымдастырып жүр. Алдағы уақытта аудандардан көшіп келген ардагерлердің қала өміріне бейімделуіне ықпал ету үшін жоспарлар жасалады. Биыл жастар жылы болып белгіленді, Жұбан ақынның 100 жылдығы. Осы орайда ардагерлер салиқалы ойларымен бөлісіп, кездесулерге белсенді атсалысады деген ойдамыз. Қазір нақты ұсыныстар қаралуда, – деді жиынды қорытындылаған қала әкімі Мұрат Мұқаев.

Жиын соңында шаһар басшысы Мұрат Рахметұлы түрлі салаларда еліміздің игілігі мен дамуы жолында аянбай еңбек еткен, Қазақ ССРнің Білім беру ісінің үздігі, Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» белгісінің иегері Абай Шыныбекұлы Мұхитовты 70 жасымен құттықтап, иығына шапан жапты.
Каусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу