АРДАГЕР-ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Экономика және аудит» жоғары мектебінің ұжымы қос ардагер-ұстазды зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Бұл туралы БҚАТУ-дың медиа-орталығы хабарлады.
Оқу ордасында жарты ғасырға жуық қызмет атқарған экономика ғылымдарының кандидаттары, профессор ғалымдар Сағындық Бисенов пен Талантта Траисоваға арналған салтанатты шарада университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтың құттықтау хатын табыстап, қос ұстазға қазақтың дәстүрімен шапан және камзол кигізді. Жоғары оқу орнының ректоры Асқар Мырзахметұлы өзінің құттықтау хатында зейнеткерлерге экономика саласына қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірген.
Іс-шарада сөз алған «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының» директоры Жанар Ержанова кеш иелеріне барша әріптестерінің атынан күні бүгінге дейін көрсеткен кәсіби шеберліктері үшін рақмет айтып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі. Ардагер-ұстаздар Сағындық Хамзаұлы мен Талантта Нағиқызы білім ордасына алғашқы қызметке орналасқан жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар университет басшылығы мен әріптестеріне көрсеткен сый-құрметтері үшін ризашылықтарын жеткізіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу