ҚАРАТӨБЕЛІК ШАРУАЛАР 219,3 МЛН. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ СУБСИДИЯ АЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында мал басы көбейіп келеді. 2019 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 23,9 пайызға, асыл тұқымды жылқы – 61,8 пайызға, асыл тұқымды қой малы – 3,8 пайызға көбейген.Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте аудан әкімі Жанат Асантаев мәлім етті.

2020 жылдың 1 қазанына аудандағы мүйізді ірі қара – 37181 басты, қой мен ешкі 84954 басты, жылқы – 10619 басты, түйе – 11 басты құрады. Биыл 3275 тонна ет, 8016 тонна сүт, 1,393 млн. дана жұмыртқа өндірілген. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6 119,4 млн. теңгені құрап, өткен кезеңмен салыстырғанда 17,7 % артты.
– Ауданда асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал өсіріп отырған 19 шаруашылық, асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысатын 2 шаруашылық және асыл тұқымды қой малын өсірумен айналысатын 2 шаруашылық бар. Асыл тұқымды мал басы 2019 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара -123,9 пайызды, асыл тұқымды жылқы -161,8 пайызды, асыл тұқымды қой малы -103,8 пайызды құрады, – деді Жанат Асылханұлы.
Ауданда уыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасы жаңартылып келеді. Ағымдағы жылы машина-тракторлық парктерді жаңарту мақсатында 26 трактор және 32 пішен-пресі, 12 шөп шабатын машина, 7 шөп тырмасы, 8 шөп тиегіш сатып алынған. Аудан әкіінің сөзінше, кейінгі бес жылда техникалық парк мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында 25 пайызға жаңарды.
– 2020 жылы аудан шаруашылықтары өз ісін жандандыруға 477,9 млн.тг инвестиция салса, мемлекет тарапынан 219,3 млн.тг, оның ішінде мал шаруашылығына 126,7 млн.тг және инвестициялық салымдардың шығындарын өтеуге 92,6 млн.тг субсидия төленді, – деді аудан басшысы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу