Қара сора өсірген
БҚО-да өсіруге тыйым салынған заңсыз өсірудің жолын кесуге бағытталған «Қара сора» Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
14 шілде күні Пойменная көшесінде 2003 жылы туған «В»., есімді азамат ұсталды. Ол ағымдағы жылдың 30 мамырда Қонаев көшесінде «А» есімді азаматшаға «альфа-пирролидиналерофенон» синтетикалық есірткі құралын сатқан. Тінту барысында Кердері көшесіндегі пәтерден электронды таразы мен 83 дана мөлшеріндегі пакеттер, сондай-ақ құрамында ерекше иісі бар көк түсті зат бар пластикалық ыдыс табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу).
15 шілде күні Абай даңғылындағы 885-СПП жанында 1980 ж. т., «А»., есімді азамат ұсталды. Одан құрамында иісі бар оралған пакет табылды.
Сол күні Доспанова көшесіндегі «17-ЖОББМ» жанында 1989 ж. т., «О».,есімді азамат ұсталып, оның да қолындағы заттары тәркіленді. 16.07.22 ж. сағат 05.15-те Айтиев көшесіндегі үйдің жанында «Т» жүргізушісінің басқаруымен «Хюндай Туксон» маркалы автокөлігі тоқтатылды. 1988 ж. т., жүргізушінің автокөлік салоны да күдік тудырды.
Осы үш факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өз тілшіміз
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу