АНТИКОР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРҒА БАСТАМА ЖАСАДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі.
Тұжырымдама жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4283406) және Агенттіктің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/47919?lang=kk) орналастырылды.

Ұсынылған түзетулерді үш блокқа бөлуге болады.
Біріншісі сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Судьялар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін қатаң жауапкершілік пен санкциялар енгізу ұсынылады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жағдайын модельдеу арқылы парасаттылықты тексеру институты (Integrity Check) құқық қорғаушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тиімді тежеуші тетік болады.
Егер тексерілуші ұсынылған пайда мен артықшылық алуға келіссе, ол үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке оралу құқығынсыз теріс себептер бойынша жұмыстан босатылады.
Күштік блоктан басқа, мұндай тексеруді бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға да тарату ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтетін тағы бір шара аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін еселі айыппұл қолдануды болдырмау болып табылады.
Бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін санкциялардың пәрменділігін арттырады және осындай әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін жазалаудың мөлшерлес болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті өзге де адамдар, олардың жұбайлары, кәмелетке толмаған балалары үшін де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізу – шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашуға және иелік етуге тыйым салу ұсынылады.
Бастамалардың екінші блогы ұлттық заңнаманы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен үйлестіруге бағытталған.
ЭЫДҰ мен Грекияның озық тәжірибесі мен стандарттарына сүйене отырып, «параны уәде етуді/ұсынуды» және «параның уәдесін/ұсынысын қабылдауды» криминалдандыру ұсынылады.
Бұл мемлекетке залал келтіргенге дейін парақорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді және айқын алдын алу әсері болады.
Сонымен қатар, Агенттік «сыбайлас жемқорлық» ұғымын жеке секторға таратуды ұсынады.
Алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігінде «сыбайлас жемқорлық» термині мемлекеттік, сондай-ақ жеке секторға да тең дәрежеде қолданылады. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор басшылары ғана сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылады.
Мысалы, коммерциялық банктер мен табиғи монополиялар субъектілерінің жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, олардың қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатқызу орынды көрінеді. Бұл жағдайда оларға жауапкершіліктің барлық көлемі таратылады.
Бастамалардың үшінші блогы қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған, ол бүгінгі күні айтарлықтай бедерге ие болып, оны бірқатар үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық алаңдар іске асырады (мемлекеттік органдар жанындағы Қоғамдық кеңестер, ұлттық алдын алу тетігі, бақылау комиссиялары және т.б.).
Мысалы, Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік және ақпараттық-ағарту топтары, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері жүйелі негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қадағалайды, мемлекеттік органдар қызметіндегі проблемаларды анықтайды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша сындарлы ұсыныстар енгізеді. Мұндай ұсынымдар міндетті сипатта болмаса да, бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда белсенді қолданылады.
Қолданыстағы «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдар азаматтық қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылының тәжірибелік тетіктерін қамтымайды.
Қоғамдық бақылаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында Тұжырымдамада осындай институтты құқықтық реттеу көзделген, бұл еліміздің саяси жүйесін демократиялық дамытуға және жаңғыртуға елеулі үлес қосады.
ЭЫДҰ мен ГРЕКО ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғаудың кешенді жүйесі (whistleblowing) азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың басқа пәрменді құралы болып табылады.
Егер мемлекет адамдарды кешенді қорғауды өзіне алса, анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар ету деңгейі едәуір жоғары болады деп болжануда.
Ұсынылған түзетулерді қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Агенттік азаматтардың тұжырымдаманы жария талқылауға белсенді түрде қатысуын сұрайды.
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу