8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Шілде 2020 1339 0
Дені сау ұлт

ANTIKOR.LIVE: ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

          7 шілде күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында короновирус инфекциясының таралауына байланысты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн режимде кездесу өтті. Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ш.Р.Искакова және «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Сәлиева қатысты.

Шара барысында короновирус инфекциясының таралауына байланысты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Н.И.Самет өз сөзінде, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, «Дәріханаларда өмірлік маңызды дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне жол берілмейтіндігін және кінәлілердің жауапкершілікке тартылатындығын» атап өтті.

Карантин кезінде өңірде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі және БҚО кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп арнайы мониторингтік тобы құрылады.

Мониторингтік тобының мақсаты – дәрілік заттарды бөлшек саудамен сату барысына түсіндіру жұмыстарын жүргізу және дәрілік заттар бағасының негізсіз жоғарлауын анықтау болып табылады.

Егер азаматтар дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне тап болған жағдайда, БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің 8 747 492 91 79 WhatsApp нөміріне және республикалық «Адалдық Алаңы» кеңсесінің 8 702 000 24 94 нөміріне хабарласа алатындықтарын естеріңізге саламыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
211 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
195 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»