8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2021 1748 0
Қоғам

ҚАНДАСТАР АНА ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ

Оралда «Аltyn kópir» атты халықаралық фестиваль басталды. Бір апта бойына Ресей Федерациясындағы Самара, Саратов, Орынбор, Қорған облыстарының жастары  Ақ Жайық өңірінде  қазақ тілін оқыту курстарына қатысады және Оралдағы тарихи-мәдени нысандарға сакральды орындарға экскурсия ұйымдастырылмақ.   

Аltyn kópir» фестивалі 2019 жылы бастау алды. Фестиваль мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтау, рухани және тарихи-мәдени мұраны нығайтуға бағытталған  шараларды ұйымдастыру арқылы Батыс Қазақстан облысына  шекаралас орналасқан Ресей Федерациясы облыстарындағы қазақ жастарымен тығыз мәдени-әлеуметтік байланыс орнату, оларға ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.

БҚО тілдерді дамыту басқармасы  басшысының  міндетін атқарушы С.Ғаниева атап өткендей, алғашқы жылы Ресейден келген 30  жас үшін бір апталық лагерь ұйымдастырылған болатын. 2020 жылы фестиваль онлайн түрде  ұйымдастырылып, 80 жас сабақ алды. Биыл Ресей Федерациясының Самара, Саратов, Орынбор, Қорған облыстарының жастары қатысуда. 2 қыркүйекте олар Оралға ат басын тіреп, «Атамекен» орталығына орналасты.

Аана тілін меңгеруге ниет танытқан бұл белсенді жастар  БҚО әкімдігінің қолдауымен жыл басынан бері  онлайн түрде қазақ тілінен тегін сабақ алып келеді. Онлайн түрде алған білімдерін фестиваль аясында  практикалық сабақтармен жалғастыруда. Сондай-ақ емтихан да тапсыратын болады.

Фестиваль 3 -9 қыркүйек аралығын қамтиды. Жоспарлы бағдарлама бойынша әр күні қазақ тілінің сабақтары өткізілуде.  Бұдан бөлек қатысушылар облыстағы  тарихи-мәдени нысандарға саяхат жасап, ұлттық музыкалық аспаптардың бірі домбыраны жасауды, ұлттық би билеуді үйренуде. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жасау бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылады. Бұл шараларға жергілікті лингвист ғалымдар, өлкетанушылар, қол өнер бағытында қызмет ететін кәсіби мамандар, тарих мамандары және жастар қоғамдық ұйымдары көшбасшылары тартылып отыр.

Фестиваль  аяқталғанымен, қазақ тілін оқыту курстары жыл соңына дейін онлайн түрде жалғасады

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»