Аналар Ақ Жайықта бас қосты
Бүгін және ертең қаламызда Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Аурика Дяк, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нүрия Ниязова, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, БҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі Аманқос Жұбаныш және өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, психологтар, қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысады.
Бүгін Достық үйінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» форумы басталды. Форум барысында қатысушылар рухани-адамгершілік тәрбие бағытын талқылап, өңірлік Аналар кеңестері қызметінің тәжірибесімен бөлісуде. Іс-шара барысында сессия жұмыстары өтеді, ол жерде қазіргі қоғамның жаман әдеттері тақырыбы және олармен күресу әдістері, нашақорлық пен буллингтің алдын алу мәселелері талқыланады.
29 қыркүйекте Достық үйінде сағат 15:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің пленарлық отырысы болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің белсенді мүшелерін марапатталады деп күтілуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі – өз қызметін 2013 жылы бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымы. Қазіргі уақытта елдің барлық өңірлерінде 1712 Аналар кеңестері жұмыс істейді, оның ішінде 178 аудандық және 1302 ауылдық деңгейде. Аналар кеңестерінің ең көбі Түркістан (204), Ақтөбе (176), Батыс Қазақстан (161) және Алматы облыстарында (146) шоғырланған. Аналар кеңесінің активі 14000-нан астам адамды құрайды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ерлан Кошанов: наша задача – вовремя слышать и чувствовать настроения людей
Орал қаласында Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жобасының дайындығы 90%-ға жетті
The World Financial Review: как Казахстан изменил экономическую модель за семь лет президентства Токаева
БҚО-да тазалық ережелерін бұзған 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге масаң күйде көлік басқарған
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Кіру