8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Редакцияның байланыс телефондары:  Конкурс, хабарландыру орналастыру бойынша  8 777 419 90 79 whatsApp

Мақала жариялау, өтетін шара бойынша 8 777 872 54 00, 8 747 985 0153

Бухгалтерияға   қатысты сұрақтар бойынша 8 707 564 0763, 8 777 564 0763.

 

8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Сәуір 2021 326 0
Қоғам

ҒАЛЫМДАР МАРАПАТТАЛДЫ

12 сәуір – Ғылыми қызметкерлер күні. Сейсенбі күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өңіріміздегі оқу орындарының профессор-ғалымдарын өңір басшысы Ғали Есқалиевтың атынан кәсіби мерекелерімен құттықтады.

–   Еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген өздеріңіздей түрлі ғылым саласындағы жандар үшін бұл күн айрықша мереке. Ғылым кез келген қоғамның қозғаушы күші. Онсыз келешегімізді елестету мүмкін емес. Еліміз етек-жеңін жинап, Тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі бері халықаралық рейтингте бәсекеге қабілетті болуға ұдайы ұмтылуда. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында да негізгі шаруашылықтың экономиканың бастаушы көзі осы Орта Азия кеңістігі қазақтың кең даласында ғұмыр кешкен тайпалар мен рулардан пайда болған тұңғыш мемлекет құрылымдары мен археологиялық қазбалардан көрініс тапқанын жәдігерлерден көруге болады. Өнертапқыштар халқымызда бұрыннан да болған. Қанша ғасыр бұрын зәулім-зәулім кешендер, күмбездер орнатылды. Қаланың тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық желілер орнатылды. Сондықтан ғылым ХХ ғасырда пайда болды деп айта алмаймыз. Бұл мерекені мемлекет қабылдаған кезде ғылыми тұрғыда зерттеліп және елімізден шыққан тұңғыш биолог ғалым, академик Қ.Сәтпаевтың туған күніне орайластырылған болатын. Бұдан бөлек бұл күні қазақ сахарасынан адамзаттың өкілі ғарышқа алғаш сапар шеккен еді. Біз білім күнін білеміз, бірақ ғылым күнін білмейміз. Сол себепті ғалымдардың да орны ерекше. Кез келген рухани жаңғыру, бәсекеге қабілетті болу әрине, бірінші кезекте білім мен ғылымның салтанат құрған жерінде болады. Сонда ғана бәсекелестікке дайын боламыз. ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың дамыған дәуірі. Осынау алпауыт заманда адамзаттың өмір сүру дағдысы ауырдан жеңілге ойысқан сайын адам бір ғана түймешік арқылы бүкіл әлемді басқарғысы келеді. Қазіргі таңда адамның қолынан бәрі келеді. Ғылым мен техниканың қоғам дамуының саласында біздің ғалымдардың да жаңалықтарын көргіміз келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өткен жылғы Жолдауында «Бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сүйенуіміз қажет» деп ғылым саласына қатысты негізгі мақсатты айқындап берді. Ғылым саласында айтулы жетістіктерге қол жеткізген өздеріңіздей ғалымдармен мақтанамыз, – деген Бақытжан Хаберұлы өңірдің бір топ ғалымдарын облыс әкімі Ғали Есқалиевтың атынан Алғыс хаттармен марапаттады.

Жиында сөз алған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қазақ филиологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Зейнолла Мүтиев жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдарын кәсіби мерекелері саналатын ҚР Ғылыми қызметкерлер күнімен құттықтап жатқан облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Дені сау ұлт
COVID-19: БҚО-ДА 59 СЫНЫП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
14 Мамыр 2021
147 0
Қалалықтар қаперіне
АЙТ НАМАЗЫ МЕШІТ АУЛАЛАРЫНДА ОҚЫЛАДЫ
12 Мамыр 2021
251 0
Қалалықтар қаперіне
БАҚЫТЖАН ҚҰРАЛБАЙҰЛЫ – АҚ ЖАЙЫҚ ӨҢІРІНІҢ БАС ИМАМЫ
12 Мамыр 2021
284 0
Қоғам
АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ ТАРАТЫЛДЫ
11 Мамыр 2021
349 0
Қоғам
ҚҰРАН ОҚУДАН ЖАРЫС ӨТТІ
11 Мамыр 2021
340 0
Қоғам
ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫ ТАРАТЫЛДЫ
09 Мамыр 2021
459 0
«Жайық үні» — 30 жыл
«МЕРУЕРТ – МҰҒАЛІМ БОЛЫП ТУЫЛҒАН…»
09 Мамыр 2021
576 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»