«Алтын уақытты» жоғалтпау үшін…
Ондаған жылдардан бері – адамның денсаулығы қиын жағдайға тап болған адамның өмірі мен өлімінің шегіне теңестіретін және зардап шегушіге барынша пәрменді көмек көрсетуге болатын «Алтын уақыттың» бар екені белгілі.

Адам ағзасын табиғат кенеттен және ауыр зақымдарда максималды компенсаторлық функциялар шамамен 1 сағат бойы тұрақты жағдайды тиімді ұстап тұратындай етіп жаратқан. Содан кейін күштің бірте-бірте сарқылу кезеңі басталады және ағза дененің қажеттігі аз бөліктерін «өшіреді», себебі өзінің ең басты бөлігі миды қалған өмірлік күш қалдықтарымен қамтамасыз етуге ұмтылады.
Жазатайым оқиғадан кейінгі алғашқы бір сағат ішінде – медициналық көмек көрсету барынша тиімді және қауіпті асқынулардың дамуын азайтуға мүмкіндік береді. Бір сағаттан кейін жағдайды тұрақтандыру үшін көп күш жұмсауға тура келеді.
Ауыр зардап шеккендер үшін уақыт факторының мәні жоғары. Егер зардап шегуші ауруханаға жарақат алғаннан кейінгі бірінші сағат ішінде жеткізілсе, онда өміршеңдіктің ең жоғары деңгейі және асқыну қаупінің едәуір төмендеуі қамтамасыз етіледі. Бұл уақыт «Алтын уақыт» деп аталады, ол жарақат алған сәттен басталады.
Неге алғашқы көмек көрсету барысында уақытты үнемдеуді үйреніп алмасқа?
Төтенше жағдайлардағы оқиға болған жердегі кез келген іс-әрекеттер өмірді құтқару сипатында болуы тиіс, өйткені зардап шегушінің «Алтын уақытының» қымбат секунды мен минуты жоғалады. Нақты адамның өмірі мен тағдыры сіздің сауатты және шебер іс-әрекетіңізге байланысты болуы мүмкін, өйткені Сіз құтқару қызметі келгенге дейін оған медициналық көмек көрсететін бірінші адамсыз.
Егер Сіз зардап шеккен адамы бар төтенше жағдайдың куәгері болсаңыз:
– оқиға туралы «112» телефоны арқылы хабарлаңыз. Бұл қай жерде болған нақты мекен-жайды немесе бағдарды көрсетіңіз, оқиғаның сипаты мен зардап шеккендердің бар-жоғы туралы айтып беріңіз.
– зардап шегушіні қарап шығыңыз. Қажет болған жағдайда және дағдыңыз болса, оған алғашқы көмек көрсетіңіз.
– егер жарақат сипаты аз болса зардап шегушіні тасымалдауға болады, оған білікті көмек көрсетілуі үшін жақын жердегі медициналық мекемеге жол-жөнекей кездескен көлікпен жіберіңіз.
Осылайша, Сіз адамның өмір сүруі мен оңалуына барынша мүмкіндік бере аласыз.
Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру
Пікір үстеу