8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2021 2972 0
Спорт

«АЛТЫН» ДОЙБЫШЫЛАР

Батыс Қазақстан дойбышылары командасы  Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңімпаз атанды. Бүгін №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығы мен мектеп ұжымы, спортшылардың ата-аналары дойбыдан ел чемпионатында жүлделі бірінші орын иеленген «Алтын» дойбышыларды Орал теміржол вокзалынан қошеметпен қарсылап алды.

21 – 31 наурыз күндері Шымкент қаласында жасөспірімдер мен қыздар арасында дойбы «64» бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Оған 11 облыстан 100-ден астам дойбышылар қатысқан.

Осы жарыста №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері негізін құрайтын БҚО спортшылары 18 алтын, 4 күміс, 3 қола  медальды  иеленды. Осылайша, жалпы командылық есепте бірінші орынға  ие болды. Екінші орынды Түркістан облысы, үшінші орында Ақтөбе облысы алды.

Облыс спортшыларының жетістіктерін атап өтсек:

Блицтен –  Тоғжан Тажибекова (16 жасқа дейінгі), Айбек Есенғалиев, Айгерім Жасқайратова (13 жасқа дейінгі), Айбар Қадырболат (10 жасқа дейінгі), Нұрасыл Ғабиден (8 жасқа дейінгі) – бірінші орын алды. Алтынай Саматова, Мадина Әділжанова, Әмірхан Наурыз (10 жасқа дейінгі) – екінші орын иемденді. Бекет Сабыржан (10 жасқа дейінгі) – үшінші  орын алды.

Рапидтен: Айша Залмұқан (16 жасқа дейінгі), Әмірхан Наурыз, Амира Жұмағалиева (13 жасқа дейінгі), Айбар Қадырболат (10 жасқа дейінгі), Нұрасыл Ғабиден, Әсем Мұхит, Алтынай Саматова (8 жасқа дейінгі) – бірінші, Бекет Сабыржан (10 жасқа дейінгі) – үшінші орын алды.

Классикадан: Әлішер Болатов  Тоғжан Тәжібекова (16жасқа дейінгі), Айбек Есенғалиев, Айгерім Жасқайратова (13 жасқа дейінгі), Айбар Қадырболат (10 жасқа дейінгі), Әсем Мұхит (8 жасқа дейінгі) – бірінші  орын иемденді. Мадина  Әділжанова (10 жасқа дейінгі) – екінші, Әділжан Темірзақ (10 жасқа дейінгі) – үшінші орын алды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар ұсынысы – жаңа жобаның негізі
18 Тамыз 2026
73 0
Қалалықтар қаперіне
Орал көшелеріндегі жол белгілері жаңартылуда
18 Тамыз 2026
77 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда жылыту маусымына дайындық күшейтілді
18 Тамыз 2026
69 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамыз!
18 Тамыз 2026
68 0
Қалалықтар қаперіне
Қала келбетін көркейтуге жаңа қадам
18 Тамыз 2026
67 0
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс нысандары бақылауда
17 Тамыз 2026
102 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
16 Тамыз 2026
135 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
171 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
204 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»