АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕУ ҮШІН КӨЛІГІН ТУЫСҚАНДАРЫНЫҢ ҮЙІНЕ ЖАСЫРҒАН
БҚО Теректі ауданы прокуратурасының бастамасымен сот, әкімдік, полиция, жұмыспен қамту бөлімінің басшылары мен сот орындаушылары қатысқан ведомствоаралық кеңес өткізіліп, алимент өндіру туралы сот актілерін орындаудағы мәселелер және оларды шешу жолдарын талқылады. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде сот орындаушыларда 391 атқару құжаты орындауда болғаны айтылды.

Аудан бойынша 247 борышкердің берешегі «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 93-бабына сәйкес еңбекақысынан өндірілді. Барлығы 144 құжат бойынша берешек 21,1 млн. теңгені құрайды, сондай-ақ 11 өндіріс борышкерді іздеу салуға байланысты тоқтатылды.
Борышкерлерге қатысты аталған заңның 32-бабына сәйкес мүлкіне тыйым салу, банктік шоттарға инкассалық өкімдер шығару, шекарадан шығу құқығын шектеу, жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтату сияқты шаралар қабылданған. Мәселен, У. есімді борышкер екі баласының алдында 2,5 млн. теңге берешегі болған. Алайда, ол алименттен жалтарып, өзінің «Volkswagen 35 i» автокөлігін Подстепный ауылындағы туысының үйіне жасырып қойған.
Қабылданған шаралар арқылы көлік табылып, алынды. Қазір көлік сауда-саттыққа шығарылды.
Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға бес тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалды.
Тек прокурордың алиментті төлемегені үшін Қылмыстық Кодекстің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертуден кейін ғана, азамат Н. жалпы сомасы 353 мың. теңге болатын алиментті бірден төледі.
Аудан прокуроры Равиль Мажитов кеңесті қорытындылай келе, сот актілерін дер кезінде орындауға бағытталған және осы салада сот орындаушылардың, полицияның, уәкілетті органдардың өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру туралы тапсырмалар берді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу