8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2020 1337 0
Дені сау ұлт

Алексей Цой: Биыл жазда коронавируспен ауырғандар желтоқсанда қайтадан сырқаттануы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой адам ағзасындағы антидененің жойылуына байланысты елімізде коронавирустан бұрын жазылып шыққандар қайта сырқаттануы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғалымдардың әртүрлі пікіріне сүйенсек, коронавирусты жеңіл көтерген азаматтардың ағзасында антидене 1 ай уақытқа, ал орта немесе ауыр көтергендердің ағзасында 3-5 айға дейін сақталады. Біздің елде коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі осы жылдың маусым-шілде айларына келгені белгілі. Егер біз талдау жасап көрсек, аталған уақыттан 3-5 айдан кейін, яғни қараша-желтоқсан айларында коронавирусты орта немесе ауыр жағдайда көтергендердің ағзасында антиденелер құрып бара жатыр. Сол себепті олардың қайтадан ауруға шалдығу ықтималдығы, қаупі бар», – деді Алексей Цой ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау министрі әлемде коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелгенімен, Қазақстанда мұндай адамның әлі кездеспегенін мәлім етті.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»