Алаяқ әлеуметтік желідегі фотосуреттер арқылы бөтен адамдарға 50 НЕСИЕ РӘСІМДЕГЕН
ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов заңсыз онлайн несиелер қалай рәсімделетінін айтты.
«Интернет алаяқтарды анықтау бойынша биылғы 9-11 ақпан аралығында «Anti-Fraud» операциясы өткізілді. Үш күнде 300-ден астам қылмыс тіркеліп, бұрын жасалған 289 алаяқтық қылмысы ашылды. Алаяқтықтық көп тараған түрі – ол интернет алаңдарда тауар сату немесе қызмет көрсетуге байланысты. Олар тауар бағасын төмен бағамен белгілейді, сондай-ақ қызмет көрсету құнын төмендетіп көрсетеді. Алаяқтар тауар сатып алушыларға бөтен адамның атына рәсімделген шоттарға төлемді толықтай немесе ішінара жасауды сұрайды», – деді Қ. Нұрмағамбетов онлайн режимдегі брифингіде. Оның айтуынша, микронесиелік ұйымдарда онлайн қарыздарды заңсыз рәсімдеу жиілеп кетті. Қылмыскерлер интернет арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін алуға тырысады. «Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде табылған жеке құжаттар туралы хабарландыруларды іздеген. Жеке куәлік фотосуреттерінен тиісті мәліметтерді алғаннан кейін, түрлі облыстар тұрғындарының атына 50-ге тарта онлайн несие рәсімдеген», – деді Криминалдық полиция департаментінің өкілі. Сонымен қатар ол банк карталары мен депозиттердегі қаржыны заңсыз иемдену үшін жеке мәліметтерді алудың басқа да тәсілдері тіркеліп жатқанын айтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, қылмыстардың жалпы ауқымында 10 пайыздан астамы алаяқтыққа тиесілі. «Пандемия кезінде әлемде қабылданған шектеулер қоғамдағы мәселелер мен міндеттердің көбісін интернет желісі арқылы шешуге үйретті. Дегенмен киберқылмыстар саны да жиілеп кетті, оның ішінде интернет алаяқтық жағдайлары көбейді. Өткен жылы мұндай 14 мың қылмыс жасалса, ал биылдың қаңтар айында 1700-ден асып түсті», – деді Қ. Нұрмағамбетов.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу