ҚАЛА ӘКІМІ МАЙДАНГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
1941 жылы жау жағадан алғанда қолына қару алып, ел қорғауға аттанғандардың бірі Қалам Сүйіншәлиев. Бүгін қарт майдангер Жеңіс күніне орай құттықтап келген меймандарды үйінен қарсы алуда. Қала әкімі Абат Шыныбеков те ардагерді арнайы құттықтап барды.

Қалам Жұмашұлы 1925 жылдың қаңтарында Тайпақ ауданында дүниеге келген. 1942 жылдың күзінде майданға аттанып, Закавказье майданында яғни, әуе қорғаныс бөлімінің 345 зенитполкінде әскери міндетін атқарған. Елге оралғаннан кейін мамандық алып, оқуын оқып, елдегі жұмыстарға араласады. Ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеп, нағыз мамандарды даярлауға үлес қосқан республикаға танымал көрнекті педагог-ғалым, ұлағатты ұстаз, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Қала басшысы ардагерге мерекеге орай шынайы лебізін арнап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің және өзінің атынан құттықтау хаттарын табыс етті. Сондай-ақ облыс әкімі атынан Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай дайындалған «Стелла» үлгісіндегі мүсін мен қала әкімдігінің атаулы мерекеге орай жинақтаған альбомын сыйлады.
Майдангер өзін арнайы құттықтай келген қала әкіміне ризашылығын білдіріп, ақ батасын бірді. Ел басына күн туғанда 18-ге толмай майданға аттанған жауынгер бүгінде 95 жаста. Жұбайы Феруза Ниетқызы екеуі ұл-қыз өсіріп, немере-шөбере сүйіп отыр. Ардагердің ғибратты ғұмыры – өскелең ұрпаққа өнеге.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлы Жеңістің 75-ші көктемін от пен оқтың ортасында болған 62 ардагер қарсы алды. Олардың 48-і Орал қаласында тұрып жатыр. Әр ардагерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің және қала басшысы Абат Шыныбековтың құттықтау хаттары мен мерекелік сыйлықтары жеткізілді.





Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу