ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
2019 жылға арналған қалалық бюджеттің жалпы сомасы 235 623 мың теңгеге нақтыланды. Бұл туралы бүгін Орал қалалық мәслихатының 31-кезекті сессиясында мәлім болды. Сессия жұмысына қала әкімі Мұрат Мұқаев, құрылымдық бөлімше басшылары мен депутаттар қатысты. 
Орал қалалық мәслихатының депутаты Наджаф Мамедовтың төрағалығымен өткен сессия жұмысының күн тәртібінде Орал қаласының 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылу барысыталқыланып, ағымдағы жылға арналған бюджет нақтыланды. Алғашқы мәселе бойынша сөз алған қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ербол Шүкірғалиевтің мәлімдеуінше, Орал қаласы жергілікті бюджетінің 2018 жылғы жоспары 41 077 917 мың теңге, түскені 43 589 281,8 мың теңге, немесе 105,4% құрайды. Жиында Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мереке Көбейсінов өткен жылы Орал қаласы бюджетінің орындалуы туралы баяндады. Ал шаһардың биылғы жылға арналған бюджетін нақтылау барысы жөнінде сөз алған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова 2019 жылға арналған қалалық бюджеттің жалпы сомасын 235 623 мың теңгеге түсімдердің ұлғаюы жағына нақтылауды ұсынды. Мәселен, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша қосымша – 235 623 мың теңге қарастырылса, аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу бағдарламасы бойынша қаражатты қайта бөлу – 9 096 мың теңгеге азайтылған. «Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту» бағдарламасына 9 096 мың теңге қосымша қаражат бөлінді. Сондай-ақ сессия барысында Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді.
– Таяуда өңірімізге іссапармен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келген болатын. Мемлекет басшысы облыстың дамуына, соның ішінде Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық өсуіне жоғары бағасын берді. Бұл – біз үшін жетістік. Жалпы қала бюджетінің көлемі жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы қала бюджеті 41,4 млрд. теңгені құраса, қазір 5 млрд.-қа артып, жалпы 8,4 пайызға өсті. Ең бастысы республикалық трансферттердің көлемі ұлғайды. Қаламыздың өсіп-өркендеуі сіздермен бірлесе жасаған жұмысымыздың оң нәтижесі, – деді сессия жұмысын қорытындылаған қала әкімі Мұрат Мұқаев. Сессия барысында мемлекет пен қоғам тарапынан жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, өңіріміздің дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін төрт шақырылым бойы, яғни 16 жыл қалалық мәслихат депутаты болған Шалқыма Құрманалина ҚР Парламенті Сенаты төрағасының, ҚР Мәслихаттарының құрылғанына – 25 жыл толуына орай қалалық мәслихат депутаты Лилия Хайруллина облыс әкімі Алтай Көлгіновтың Алғыс хатымен марапатталды. Ал қалалық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісов шаһарды қалың қардан тазарту, су тасқынының алдын алу шараларына белсенді атсалысқаны үшін өңір басшысының Алғыс хатын алды. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып депутат Валентина Михно сайланды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу