8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Желтоқсан 2019 2255 0
Қоғам

АЛҒАШҚЫ МҰЗ ҚАУІПТІ!

             «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушысы Алексей Еремеев өзендер мен көлдердегі жұқа мұз өте қауіпті екенін ескертеді. Өйткені әр түрлі су айдындарында мұздың қатуы бірдей емес.

Мұздың беріктігі әр түрлі су айдындарында ғана емес, сонымен бірге бір су айдынының өзінде әр түрлі болады. Бұл көптеген себептерге байланысты. Тоғандардың тереңдігіне, ағыстың жылдамдығы, жер асты суларының болуына және тағы басқа. Арналар, көлдер мен бұлақтардың тайыз және ағысы жоқ жерлерін  мұз бірінші басады. Мұз жағадан бастап су тоғанының ортасына қарай қатады.  Егер ересек адам мұз үстінде тәуекелге баратын болса, бұл жағдайда балалар құрбанға айналуы мүмкін.  Жаңадан пайда болған мұз үстінде жүргенде қауіптенуден гөрі коньки теуіп, хоккей ойнауға деген құштарлық басым болады да,  бұл күтпеген жағдайларға алып келеді.    Ата-аналар баланың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін үлкен жауапкершілік алады, сондықтан олар балаларға қыста мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтуға міндетті. Мұз басқан тоғандарға балаларды ересектерсіз жалғыз қалдыруға болмайды.  Алдымен  бір адамның мұздан қауіпсіз өткеніне көз жеткізіп, оның бағыты бойынша кристалды мұздың қалыңдығы кемінде 7 сантиметрден жоғары болуы керек. Мұз қабатының қалыңдығы 15 сантиметрден асқан жағдайда, бірнеше адам болып кесіп өтуге немесе мұз айдынын ұйымдастыруға болады. Ал автомобильдердің қозғалысы мұздың қалыңдығы кем дегенде 30 сантиметр болған жағдайда  қауіпсіз болады. Көлікпен мұз үстінде жүрудің қауіпті екені бәрімізге белгілі. Көлік жолынан тыс өткелдер жоқ жерден көліктерге  мұз үстінен өтуге қатаң тыйым салынады – бұл қайғылы жағдайға алып келеді.

        Естеріңізге сала кетейік, барлық төтенше жағдайлар, оның ішінде судағы жағдайлар туралы «112» телефонына хабарлау керек 

.

 Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік мекемесі

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»