ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған «30 игі іс» акциясы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Орал қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдері қызметкерлерінің бастамасымен мұқтаж отбасыларға көмек көрсету бойынша қайырымдылық шарасы өткізілді.

«Қасиетті Рамазан айында біздің қызметкерлер мұқтаж азаматтарға көмек қолын созуға ниет білдірді. Мүмкіндігімізше өзіміз білетін көпбалалы отбасыларға азық-түлік алып беріп, көмектесейік деп шештік. Жақыныңа жанашыр болып, жәрдемдескеннің өзі бір ғанибет»,- дейді Орал қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Светлана Құсайынова.
Қайырымдылық жасау – өмірі, болашағы туралы ойланатын, келешек ұрпағына ізгі ниетті амалдарды қалдыруды қалайтын саналы адамзат өмірінің ажырамас бөлшегі. Сондықтан бұл бір реттік қана шара емес. Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні де Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халықтарының ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының бастамасымен өткен 50 отбасыға азық-түлік себетін таратуға атсалысты.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу