ҚАЙЫРЫМДЫ БОЛ. ҚАТАРЫМЫЗҒА ҚОСЫЛ!
«Zhasproject» жобасы облысымызда алғаш рет қоғамның әлсіз топтарын жұмысқа тарту ,көмек көрсету шағын кәсіпкерлікті бастауға жол ашу. Жастар корпусын дамытуға арналған жобаның облысымызда 200-ден астам жастар жеңімпаз атанды. Осы орайда «Балаларға базарлық» тегін үйірмелер жобасы арнайы іріктеуден өтіп, 1 000 000 теңге ұтып алдық. Негізгі мақсат – облыстық отбасы үлгісіндегі және балалар үйі мен бөбектер үйіндегі балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу. Сонымен қатар аталған орталықтарда және аз қамтылған көп балалы отбасыларға тегін қойылымдар қою.

Біздің жоба қатысушылары Қанапиянов Мерей Жұмагелдіұлы – студент, Жанан Жансая – студент өздерінің бос уақыттарында аптасына 2-3 сағаттан шаралардың ұйымдастырылуына уақыттарын бөліп отырады, сәйкесінше оларға ай сайынғы шәкіртақылары төленеді. Бұл – жастық күш-жігерін қайырымдылыққа жұмылдырып жүрген жастардың алғашқы еңбекке деген қадамдардың бірі болып табылады.
Осы орайда Оралдағы өнерлі жастармен бірлесіп, облыстық ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған орталықта үйірмелерді шілде айынан бастадық. М.Өметімов атындағы БҚМУ мен Құрманғазы саз колледжінің студенттері «Жас актер» ,«Жас әнші», әр түрлі аспаптарда ойнау бойынша аптасына 2 сағаттан балалармен тегін сабақтар өткізуде. Гранттың жоба қаржысына үйірмеге қажетті аспаптар мен қойылымдарға арналған мультфильм кейіпкерлерінің киімдері сатып алынды. Енді балалар түрлі тақырыптарда қызықты қойылымдарды тегін тамашалап отырады.
Алдағы жаңа оқу жылынан бастап біздер жобаның ауқымын кеңейтіп қаладағы коворкинг орталықтарында үйірме жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл өнер саласында оқып жатқан студенттердің теория мен практиканы ұштастыруға үлкен мүмкіндік болса,ал бойында өнердің шырағы жағылған балалардың өрісін кеңійтіп, үлкен сахналарға шығуға мүмкіндіктер жасау болып табылып отыр.
Осы орайда барша Ақжайық жастарына «Егер сенің бойыңда өнерің болса, бос уақытыңды тиімді өткізу керек болса» біздің қатарымызға келіп қосыл дегім келеді.

Ерлік Шамғали, «Балаларға базарлық Орал» тегін үйірмелер жобасының көшбасшысы
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу