АЙЫРБАСТАУ ПУНКТІН ТОНАҒАНДАР ІСІ ҚАРАЛУДА
Оралдағы айырбастау пунктін тонағандарға қатысты сот процесі басталды. Барлығы 44 млн. теңге ұрлаған күдіктілердің ісі қалалық сотта қаралуда. Сотталушылардың бірінің әпкесі «бауырыма тағылған жала негізсіз» деп есептейді. Оның айтуынша, тергеу барысында көптеген заң бұзушылықтарға жол берілген.

Қарақшылық дерегі өткен жылдың 28 ақпанында тіркелді. Орталық көшелердің біріндегі айырбастау пунктінің иесінің бетіне көзді жасаурататын өткір иісті газ баллонын шашқан бірнеше азамат одан қол сөмкесін тартып алады. Онда шетелдік валюталардың бірқатар түрі: еуро, доллар, рубльдің барлығын қосқанда жалпы сомасы – 44 млн. теңгеден астам қаражат болыпты.
Тәртіп сақшылары бұл іске күдікті төртеудің үшеуін құрықтаған. Олардың бұл қылмысты жасағаны дәлелденсе, бірнеше жылға темір торға қамалатын болады. БҚО сотының баспасөз хатшысы Нүргүл Қанатбаеваның айтуынша, бұл істе бірнеше адам күдікке ілініп отыр.
– Олардың үстінен ҚР ҚК 188 бабы 3-ші тармағы 2-ші,3-ші бөлігі бойынша іс қозғалуда. Егер айыптылардың қарақшылық әрекеті дәлелденсе, жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, – деді БҚО сотының баспасөз хатшысы Нүргүл Қанатбаева.
Сотталушылардың бірі – 27 жастағы Бауыржан Шәріпов. Оның туыстары бауырларының бұл іске қатысы жоқ деп есептейді. «Өйткені кезінде бірнеше кәсіпті ұршықша иірген ол ұрлық жасауы мүмкін емес» деп санайды.
–Бауырым көлік сатумен айналысты және ұрлықшылар одан көлік сатып алған. Осылайша, өз айыптарын менің ағама жапқысы келеді. Тергеп-тексеру барысында оған қысым көрсетіп, істі мойнына алуға мәжбүрлеп отыр. Сол себепті біз прокуратураға арыз жаздық. Тергеуші Азамат Құспановтың да бұл іске қатысы бар деп есептеймін және інімнің кінәсінің жоқ екеніне сенемін, – дейді бұл іске жауаптылардың бірі саналған Бауыржан Шәріповтың апасы Зульфия Шәріпова.
Айыпты Б. Шәріповтың қорғаушысы да оның бұл іске қатысы жоқ екеніне сенімді. Яғни, адвокат Болат Бекеевтің айтуынша, оның қорғалушысы – Шәріповтың бизнесі үшін айналымдағы қаржысының өзі 7 млрд. теңгеден асады. Осылайша, қорғаушы тарап оны ақтап алу үшін шағымдарын өзге де құқық қорғау органдарына жолдаған.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу