АЙНАМКӨЗДІҢ ҰЛТТЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ ҮСТЕЛ ОЙЫНЫ
Ұлттық дәстүр, фольклор мен ойындар халықтың өзіндік ерекшелігінің, оның мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі саналады. Ана тілі мен әдебиет, этномәдениет мен өнерді тану қазіргі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда өте маңызды болып отыр. Екінші жағынан, XXI ғасырдың жастары клиптік ойлау және геймификацияға бейім. Олар кез келген ақпаратты ойын түрінде берілген жағдайда тез қабылдап, меңгеріп алады.

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Айнамкөз Рафихова ұлттық мазмұндағы «Зерек» атты үстел ойынын құрастырып шығарды. Бұнда ойыншылардың қазақ халқының мақал-мәтелдер, ертегілер, жаңылтпаштар, ырым-тыйымдар мен тұрақты тіркестер бойынша білімі тексеріледі.
Алдымен арнайы заңдылықтарға сай ойынның қозғалыс тәртібі, уақыты, ережелері, ойыншылар саны және түрлі бонустар жүйесі ойластырылыпты. Ойын алаңында барлығы 57 ұяшық, олардың арасында тұзақ (от және су), бонус және ақылы ұяшықтар бар. Ойын басталысымен бірінші ойыншы сүйекті лақтырып, өз қадамын жасайды. Ол 100 сұрақ картасының бірін таңдап, оған жауап беруі қажет. Тұзақ ұяшықтарына түсіп қалса, от ұяшығынан Көлтауысар, ал су ұяшығынан Желаяқ құтқара алады. Егер оған қажет кейіпкер түспесе, ойыншы сол ұяшықта қала береді. Керісінше, өзге ойыншының кезегі келгенде 2500 (бонус түріндегі қағаз банкноттар) айыппұл төлеп, өз жолын жалғастыра алады. Мәреге кім бірінші жетсе, сол жеңімпаз атанады.
«Зерек» мазмұнына «суреттегі мақал-мәтелді жалғастыр/тап», «фразеологизм, ырым-тыйым мағынасын ашу, «жаңылтпашты қайталау», ертегілер мен аңыздар бойынша эрудицияны тексеру, жұмбақтарды шешу сияқты сұрақтар кіреді. Автордың айтуынша, нарықта «Қолтырауын», «Монополия» сияқты орыс тіліндегі үстел ойындары көп, бірақ, өкінішке орай, ана тілінде ұлттық мазмұндағы ойындар жоқтың қасы.

– Соңғы уақытта «Қазақ хандығы» атты үстел ойыны пайда болды. Бұл ойын тарихымызды, қазақ еліндегі басқару жүйесін ойын арқылы таныстыруды көздеген. Кітап, фильм секілді ұлттық идеологияны насихаттау құралы ретінде үстел ойынына да орын бар деп ойлаймын, – дейді автор.
Үстел ойындары адамның ақыл-ой, психологиялық дамуына үлес қосып, кішкентай ойыншылардың саусақ моторикасын нығайтады екен. Ойынның тағы бір қызметі ақпаратты қабылдау, ойлау негіздерін, проблемаларды оңай шешу, бүтін мен бөлшектерді ажырату сынды когнитивті дағдыларды дамытады.
Айнамкөз ойынды сыныптастарымен сынап көрді. Ал жуырда жобаның қағаз нұсқасы Орал қаласындағы балалар ауылы тәрбиеленушілеріне орйынды таныстырып, сыйлыққа ұсыныпты. Сонымен қатар «Зеректің» электронды нұсқасын дайындалды (https://my.flipbookpdf.net/7k2rP) .
– Үстел ойынының адамға тигізетін әсері, ұлттық мазмұндағы ойынның жаһандану кезеңіндегі маңыздылығы, ойын шарттары туралы қосымша құрал дайындау жоспарда бар. Сонымен бірге «Көкпар», «Қыз қуу» ұлттық ойындарының шарттарына негізделген ұлттық мазмұндағы үстел ойынын құрастырмақпын, – дейді автор.
Айнамкөз жоба барысында бағыт-бағдар берген жетекшілері –
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жансәуле Мақсотова мен өнер пәнінің мұғалімі Жанна Құлбековаға алғысын жеткізді.
Айдана Хамидуллина,
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу