8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Наурыз 2020 1663 0
Қалалықтар қаперіне

АБАТ ШЫНЫБЕКОВ: «ҚИЫНДЫҚТЫ БІРЛІКПЕН, ТӘРТІППЕН ЖӘНЕ БІР-БІРІМІЗДІ ҚОЛДАУМЕН ЕҢСЕРЕМІЗ»

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков қала тұрғындарын төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырды. 

– Құрметті жерлестер, өздеріңізге белгілі мемлекет тарапынан қабылданып отырған шаралар бірінші кезекте адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталып отыр. Коронавирус індеті күн сайын өршіп барады. Дәл қазіргі уақытта елімізде 121 адамның инфекция жұқтырғаны расталды. Өкінішке орай, күні кеше бір адам осы инфекциядан көз жұмды. Коронавирус инфекциясының қауіптілігін әрқайсымыз сезінуіміз керек. Сол себепті қарапайым қағидаларды сақтағанымыз дұрыс. Осы орайда, өзіміздің және жанымыздағы жақын жандардың саулығы үшін мемлекет тарапынан қабылданып отырған талаптарға бағынуға, санитарлық  талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Бүгінгі күні қаланаң  барлық аумақтарында  мониторинг жасалуда. Өкінішке орай, сауда орталықтарында, аулаларда көпшілік жиналулар азаймай тұр. Сондай-ақ қонаққа бару, той-томалақ жасау тыйылмай тұрғанын да атап өтуіміз керек. Күрделі кезеңде шектеу талаптарын ескергеніміз жөн.  Сары алтындай сабырды көңілге демеу етейік. Біз келген қиындықты бірлікпен де, тәртіппен де,  бір-бірімізді қолдаумен де еңсереміз деген ойдамын, – деді Абат Абайұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»