АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА
Әлемде қалыптасқан күрделі ахуалға қарамастан, ақын, композитор, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекеттік және халықаралық көлемде іс-шаралар, ақын мұрасын дәріптеу кеңінен таралуда. Осы орайда, Теректі колледжі ұжымы «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында челлендж ұйымдастырды.

Колледж кітапханасында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты кітап көрмесі жасақталып, оқушыларға Абай шығармаларының рухани байлығы ұғындырды. Подстепный ауылының «Жігер» коворкинг орталығында Абай әндерін түсініп, сезімталдыққа өнерді сүюге, тәрбиелеу мақсатында «Абай салған әндер-ай» атты дөңгелек үстел оздырылды.
Абай шығармаларын оқыту арқылы, оның қазақ әдебиетімен мен мәдениетінде алар орнын ұғындырумен ерекше өнерін бойына сіңіру, студенттердің мәнерлеп оқу қабілеттерін арттыру үш тілде Абай шығармаларын насихаттау мақсатында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты іс-шара өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің жоғарғы санатты оқытушысы И.М.Баймулдина «Абайдың табиғат лирикасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«Білім Лэнд» білім беру платформасын қолдана отырып, данышпан дара ойшыл Абайдың өлеңдеріндегі әлеуметтік қоғамдық мәселелерін қозғады, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы талқыланып, дөңгелек үстел өтті. Студенттерге Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейтестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендіміз жөнінде Президентіміз ой бөліскісі келгенін ұғындырылды.
Бүгінде дүниежүзін жайлаған індетке қарсы түру үшін әлем бірігіп әрекет етуде. «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, қаза көрген жүрегі жаралы ол» деп хакім Абай дәл бүгінгі күнге айтқандай, «Қайран елім, қазағым…» деп жанайқайымен жырлай жүріп, ұлы ақын қазақ алдындағы барлық парызын орындап кетті.
Ендеше бір ғасыр бұрын айтылған өнер мен кәсіп үйренуді байлықтың кілтіне ұлттық қуатына балаған ұлы ойшылдың баға жетпес мұрасын жете сезінейік.
К.МУШАГАЛИЕВА,
Теректі колледжінің кітапханашысы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу