8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Шілде 2025 1382 0
Бәрекелді!

Ақынның әруағы үшін…

Биыл ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлінің туғанына – 90 жыл. Осыған орай Орал қаласының 79 жастағы тұрғыны, спортшы Құбайдолла Хасанов тоқсан шақырым қашықтықты жаяу жүріп өтті.
Ақынның әруағы үшін Күннің аптап ыстығына қарамастан Құбайдолла Хамзаұлы 90 шақырымдық жаяу марафонды алты күн ішінде бағындырды. Осылайша салауатты өмір салты мен рухани құндылықты ұштастырған аға буын өкілі жастарға үлкен үлгі – өнеге көрсетті. Ардагер параспортшы, екі дүркін Азия чемпионы күн сайын 15 шақырым жүріп, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қарымды қаламгер Қадыр ақынға деген құрметін, оның шығармашылығына деген қызығушылығын осылайша дәлелдеді.
Бұған дейін Құбайдолла ата Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығының құрметіне де осындай тарту жасап, сексен шақырымдық жолды жаяу еңсерген еді. Тәжірибелі марафоншы тірек-қимыл аппараты зақымдалған жандар арасындағы пара пауэрлифтингтен 2004 жылы Үндістанда, ал 2006 жылы Филиппинде Азия чемпионы атанған.
– Жаяу жүру барысында қаланың ішіндегі Жеңіс алаңына, Мәншүк Мәметова алаңына барып, Отан үшін от кешкен бабалардың рухына тағзым еттім. Осы марафонды ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің мерейтойына арнадым. Осы алты күннің ішінде менің жанымда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының өкілдері Қайырбек Рамазанұлы мен Нұрлан Казимов болып, жаяу жүргіншілер жолында келеңсіз жағдайларға ұрынып қалмауымды қадағалады. Енді алдағы уақытта өз картиналарымнан жеке көрме ұйымдастырғым келеді, – дейді параспортшы ардагер.
Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
79 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
140 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
203 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
240 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»