Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: «АЯЗ БИДІ» БАСШЫЛАР ТҮГЕЛ ОҚЫСА…»
Ақын Ақұштап Бақтыгереева бүгін, 18 наурыз күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығында өткен басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы өз ойын осылай жеткізді. Жиынға өңірге жұмыс сапарымен келген республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

– Әбіш Кекілбаев «мүсәпірлік надандықтан шығады» деп айтып еді. Біз қазір надандықтың қай деңгейде екенін жемқорлықтан көріп отырмыз. Кітапханаға келмей, кітап оқымағанның жемісін жеп жатырмыз. 30 жылдың ішінде өз бетімен талпынып оқығандар бар – бізді қуантатын. Жол таппай, діни ағымға еріп, адасқандар бар. Ғасырдың тоғысуы, қоғамның алмасуы бізге ауыр соққы. Сол екі ортада экономика деп, ұлттық идеологиямызды қолдан босатып алдық. Экономика – құстың бір қанаты болса, екінші қанаты – рухани тәрбие мен сана. Осыны біз, жазушылар айттық. Бірақ еститін құлақ болмады. Дүниеге құныққан ашкөздер, «жей берсем екен», «байысам екен», «ала берсем екен» дегендер үлгі болды қалғандарына. Егер сол ұрпақ Аристотельді, ауыз әдебиетімізді оқығанда…
Ендігі жағдайда кітаханаға келсе деп армандаймыз. Жобаның да негізгі бағыты – осы. Классиканы оқысын. Тым болмаса, қандай кітаптар бар екенін көріп кетсін. «Тамаша» әзіл-сықақ теартының негізін қалаушы, сатирик Оспанхан Әубәкіров бір ғана кішкене сатирасында – бір адамның тойын өткізу кезінде оны мақтап, әулиедей етіп жатса, оның бар істеген жұмысы – моншаның директоры екенін жазады. Осындай дарақылықты сол кезде Оспанхан сезді, сатирасы арқылы жеткізді. Түкке тұрмайтын адамды мақтаудың қажеті жоғын білетінбіз, оқу арқылы айыратынбыз. Уақыт өтті. Қазір біз сатирик жазып кеткендей, түкке тұрмайтынды мақтап, оған қол соғатын болдық, әулиелерімізді ұмытып, тапайтын болдық, жақсы сөз айтқанды жау көрдік, жаман үлгі көрсеткенді дос көрдік. Ол – шындық. Осындай жағдайды тоқтататын – кітап, «Аяз би». «Аяз биді» бүгін басшы болып отырған әр азамат оқып, Аяз би өз шапанын еске алғандай, өткенін еске алып отырса жөн болар еді. Кітап оқымағанның кесірі – бұл.
Президентіміздің айтқан сөзі кім-кімнің де көкейіне қонады – «Жемқорды жазалаңыздар және оған ешқандай мейірім болмасын» деді. Ал бізде әлі де халықтың әділетсіз деп сотқа өкпелейтіні, пара алады деп полицияға өкпелейтіні – сауатсыздарға өкпелеуі.
Қазіргі қолға алынған күрес жолы – біздерді қуантады. Парасат жолына бастайтын ұрпағымыз бар. Десе де, сауатсыздықтың көріністері байқалады. Біздің дауысымыз әр азаматқа жетсе екен деймін. Өзін ғана таза көріп, әкімді де басшыны, кіші жұмыс жасап жүргендерді де жемқор көріп тиісетіндер бар. Олардың дәлелмен, тең құқықта сөйлесе алуына бағыт беру үшін кездесулер, лекция оқудың мүмкіндіктері жасалуы керек. Қоғамның санасын бір деңгейге көтеруіміз керек, – деді Ақұштан Бақтыгерейқызы.
zhaikuni.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу