Ақшаны теңгемен сақтаған дұрыс па, әлде?..
ҚР Ұлттық Банкі БҚО филиалының директоры Ғалия Сатыбалдина қаржы нарығындағы бүгінгі ахуал туралы сауалдарымызға жауап береді.
ҚР Ұлттық Банкі БҚО филиалының директоры Ғалия Сатыбалдина қаржы нарығындағы бүгінгі ахуал туралы сауалдарымызға жауап береді.
– Ұлттық банктің бүгінгі таңдағы ақша-кредиттік саясаты қандай?
– Мұнай және басқа да шикізат тауарларына бағаның едәуір төмендеуі, Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдерінің ұлттық валюталарының құлдырауы, сондай-ақ нарықтың АҚШ долларын нығайтуды күтуі сияқты ұзақмерзімді сипаттағы сыртқы күйзелістердің өсу жағдайларында Ұлттық банк пен Үкімет экономиканың орнықты ұзақмерзімді өсуін қамтамасыз ету үшін шаралар топтамасын әзірледі.
Үкімет пен Ұлттық банк 2015 жылғы 20 тамыздан бастап теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамының режіміне өтуі туралы шешім қабылдады. Нарықтық айырбастау бағамын қалыптастыру орнықты экономикалық өсуге қолдау көрсету және сыртқы күйзелістерді сіңіру үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамының режіміне өту инфляциялық таргеттеуді енгізудің бір шарты ретінде Ұлттық банк басқармасының шешімімен 2015 жылғы сәуірде мақұлданған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясатында көзделген.
Айырбастау бағамының жаңа режімі Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемелерінің ақша нарығындағы қысқамерзімді мөлшерлемелерге ықпалын арттырады. Өз кезегінде ақша нарығының мөлшерлемелері экономикадағы кредиттік ресурстардың және инвестициялардың құнына, іскерлік белсенділік пен инфляцияға әсер ететін болады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты – елімізде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты филиалдың мақсаттарының бірі – облыстағы ай сайынғы тұтыну бағасына мониторинг жүргізу болып табылады, осы нәтиже бойынша талдау ақпарат дайындалып, ҚР Ұлттық банк орталық аппаратына жолданады.
– Ұлттық валюта бұдан әрі күшеюі мүмкін бе? Ұлттық валютаның келешегіне қалай қарауға болады?
– Ұлттық банктің және Ұлттық қордың алтын валюта активтерін сақтау мақсатында Ұлттық банк 2015 жылғы 5 қарашадан бастап өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайту туралы шешім қабылдады.
Бұл Ұлттық банктің еркін бағамды қалыптастыру және инфляциялық таргеттеуге өту жөніндегі бұрын жария етілген саясатына сәйкес келеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу