8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Тамыз 2019 2086 0
Қоғам

«АҚ ШАҒАЛА» ЖЕТПІС БЕСТЕ!

Аса құрметті Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЙҚЫЗЫ!

 

Сізді, мерейлі 75  жасыңызбен  шын жүрегімізден, ақ пейілімізбен құттықтаймыз.

Ақ Жайықтан шыққан, сөз қадірін ұққан өр мінезді Махамбет, сөз шебері Сырымдай бабаларымыздың жалғасы іспеттес  Тайыр, Жұбан, Қадыр сынды көптеген  қаламгер ағалардың қазақ поэзиясында ауыр жүгін арқалап, көшін жалғастырған нәзік жүректі  ақын ретінде Алаш жұрты сізді ерекше мақтан тұтып, құрметтейді. Барша қазақ баспасөзінің де сізге айтар алғысы, тілер тілегі шексіз. Өйткені Сіз ұлттың кешегісі мен бүгінін түгендеп, ертеңін ойлап, өлең-жырларыңыз арқылы елді тәрбиелеп келесіз.   Сондықтан, ардақты Ақұштап апа!  Сізге және отағаңыз Ғабдырахым Маралұлына Жамбыл атамыздың жасын, әр күннің арайлы шуағын, бақыты мен берекесін, ырыс-құтын тілейміз. Шаңырағыңызда шаттықтың ән-жырын шалқытып, тірліктің тәтті дәмін тата беріңіздер. Бұл өмірдің ризығы мен несібесін ұрпақтарыңызбен бірге көруге, Ақ Жайықтың жағасында аман-сау жүруге Жаратқан Ием жар болғай.

 

Зор ықыласпен: Орал қалалық «Жайық үні» газетінің редакция ұжымы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
192 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
412 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»