АҚСАҚАЛДАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ
Таяуда ғана ел аманатын арқалап, жаңа қызметіне кіріскен шаһар басшысы Абат Шыныбеков бүгін көпті көрген қазыналы қариялардың өтініш-тілектерін тыңдап, ақ батасын алды.

– Әр қазақ баласы жаңа қадам жасар алдында үлкендердің ақ батасын алған. Сондықтан бүгін Орал қаласының ардагерлер кеңесі мүшелерімен етене әңгімелесіп, өтініш-тілектеріңізді тыңдайын деген ниетпен алғашқы кездесуімді өздеріңізден бастауды жөн көрдім. Сіздер қай-қай саланың да майталманы болдыңыздар. Еліміздің, өңіріміздің көркеюіне өлшеусіз еңбек сіңірдіңіздер. Әрбіріңіздің еңбек жолдарыңыз бүгінгі жастарға үлгі. Зейнетке шықсаңыздар да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келесіздер. Әрдайым сіздерге арқа сүйейміз, – деген қала басшысы ашық әңгіме барысында ақсақалдардың батасын алып, базынасын тыңдады. Жүздесу барысында қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ольга Исаева аға буын өкілдерінің қаланың өсіп-өркендеуі жолында атқарған игі жұмыстарына тоқталды. – Қазіргі таңда кеңес құрамында 33 ардагер болса, оның 13-і Президиум мүшесі, 8-і тұрақты комиссия, 12-сі бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағасы. Бүгінде Орал қаласында 46 250 зейнеткер тіркелген. Соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері – 60, тыл еңбеккері – 4650. Ардагерлер жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге ерекше үлес қосып келеді. Осы мақсатта қалада барлық қолайлы жағдай жасалған. Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл ардагерлері қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес білім ұяларында тәрбие сағаттарына қатысады. Ардагерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен заңдық құқықтық қорғалуына ықпал ету, мектептер мен оқу орындарындағы жасөспірімдер мен жастардың тәрбиесін жақсарту, ата-аналар комитеті мен ауылдардағы ақсақалдар кеңестерінің жұмысын жандандыру сияқты өзекті, өміршең істер болып табылып келеді. Шаһардағы бірде-бір саяси, экономикалық, мәдени-көпшілік, әлеуметтік, халықтық, мемлекеттік ірілі-ұсақты шаралар ардагерлердің белсенді қатысуынсыз өтпейді. Қариялардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Ардагерлер» клубы жұмыс жасайды. Бұл жерде ардагерлер шахмат, дойбы ойындарын ойнап, жерлестерімен бекітілген кестеге сай кездесулер ұйымдастырады, – дейді қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.
Басқосуда ардагер Әленғали Керейтегі 2020 жылы – Қазақстанның халық жазушысы, ірі эпик ақын Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толатынын тілге тиек етіп, Зашаған кентіне Жұбанның есімі берілсе, ақынға ескерткіш тақта орнатылса деген ұсынысын жеткізді. Ал ардагер Қозыкеш Омаров облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп, қариялардың денсаулығын жақсарту бағытында жасалған жұмыстарды тізбектеп, медициналық қызметтің осал тұстарын да айтып өтті.
Ақ дастархан басында емен-жарқын әңгімелескен ардагерлер жылышырайлы кездесу ұйымдастырған шаһар басшысына алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу