АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ БАСҚОСУЫ ӨТТІ
27 қазан күні Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Батыс Қазақстан облысындағы ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы, оның ішінде коронавирустың (COVID-19) таралуы туралы қозғалды. Соынмен қатар аудандық ақсақалдар кеңестерінің бүгінгі жағдайы туралы айтылды.
Кеңес отырысына облыстық, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағалары, Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жиында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңадан сайланған ақсақалдар кеңесінің төрағасы – Есенғалиев Абат Қадымұлымен таныстырылды.
Одан әрі Кеңес төрағаларының әрқайсысы 2021 жылдың жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар, 1 қазан – Қарттар күніне орайластырылған іс-шаралар және аудандардағы жалпы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндалды. Жәнібек, Қазталов және Сырым аудандарындағы кеңес басшылары аудандарда вакцинацияланғандардың саны 77% -дан астамды құрағанын жеткізді.
Абат Кадымұлы және басқа да онлайн отырысқа қатысушылар жергілікті жерлерде проблемалық мәселелерді жазбаша түрде ұсынып, осы отырыстар ай сайын бір рет өткізілетінін қорытындылап, келісті.
Іс-шараны Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ІСБ «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.
Рафхат ХАЛЕЛОВ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу