А.НҰРИТДЕНОВА: «АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ»

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласымен танысып, Абай шығармаларының құндылықтарын ел дамуының кезеңдерімен ұштастырылғанын байқадым. Шынымен де, Ұлы ақынның шығармалындар қазақы болмысымызға тән ерекшеліктер қозғалады.
Ақынның 175 жылдық мерейтойының қаншалықты маңызды екенін әр қазақ түсінеді деп ойлаймын. Қоғамдық сананы жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт болып дамуымызға серпін беретін Айбайдың тойына үн қосудан әрқайсымыз шет қалмағанымыз дұрыс. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіс екенін айтты. Бас ақынымызды тереңнен тану үшін үлкен-кіші бәріміз оның шығармаларын оқуға назар аударсақ деймін. Өйткені Абайдың өмірі мен шығармашылығы еңбек етуге, адал өмір сүруге, рухымызды көтеруге тәрбиелейтін әлем. Мемлекет басшысы өз мақаласында «әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғым қалыптасқаны сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деді. Мен де бұл ұсынысты қолдаймын.
Сондай-ақ, мақалада қазіргі өркениетті мемлекеттер атақты тұлғаларымен мақтанса, біз де сондай біртуар тұлғаларымыздың бірі Абай екендігін айта отырып, ақынның «Толық адам» тұжырымын баса назарда ұстап, оның өміріміздің кез-келген саласында негізгі тұғырына айналуы қажеттігін ескертеді. Бұл тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама.
Сонымен қатар, ақынның ұлт бірлігін, әділетті қоғам құру, елдік мұратты дәріптегенін негізге ала отырып, оның бүгінгі еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігіне назар аудартады. Абай шығармаларының өскелең ұрпақ үшін берер тәлімі мол, рухани мұра екендігін жас ұрпаққа айтып қана қоймай, осындай әрбір тәлімін өмірмен байланыстырып отырсақ, жетер жетістігіміз де аз болмасы анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай құндылықтарымызды бүгінгі өмірмен сабақтастырған мақаласының біз үшін ерекше маңызы зор.
Ақтілек Нүритденова,
Бәйтерек ауданы Дариян мектеп-гимназия-интернатын
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу