АҚБӨКЕНДІ АТҚАН АЗАМАТҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
БҚО Жәнібек ауданы прокуратурасы заңсыз қару қолданып киікті ату фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің заңдылығына тиісті қадағалау ұйымдастырып, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті.

Батыс Қазақстан прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке сүйенсек, 2019 жылғы 23 маусымда Ақоба ауылының тұрғыны азамат А. «Адабай» су бөгетіне велосипедпен барып, «ИЖ-54» аңшылық қаруымен су ішуге келген 3 аталық және 1 аналық киікті атып алып, мемлекетке 14 млн. теңге көлемінде зиян келтірген.
Дегенмен, зерттеу кезінде қылмыстық істің ақтайтын негіздермен тоқтатылғаны анықталды. Аудан прокуроры тергеушінің қаулысын бұзып, істі сотқа жолдады. Аудандық соттың 2019 жылғы 13 желтоқсандағы үкімімен Қылмыстық кодекстің 339-бабымен (жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлері мен олардың дериваттарымен заңсыз айналысу) А кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және мемлекет пайдасына 14 млн. теңге өндірілді.
Айғақты заттар «ИЖ-54» қос ауызды 12 калибрлі аңшы мылтығы және 5 дана оқ-дәрілер тәркіленіп, жойылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу