АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ
1 қазан – саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын өкілдерінің төл мерекесі. Осы күні қаладағы Жастар мәдениет үйінде қайырымдылық айлығына арналған «Жақсылық сыйла!» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік шарада еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, экономика, құрылыс өзге де салаларда тер төгіп еңбек еткен ардагерлерді қала әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

– Құрметті ардагерлер, аға буын өкілдері! Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке өте мағыналы, маңызы бар мереке деп білемін. Себебі тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды дүние. Саналы ғұмырыңызды ұрпақ тәрбиесі мен халқына адал қызмет етуге жұмсаған Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық, мейірімділік пен еңбексүйгіштік, Отанға, отбасына деген адалдықтың үлгісісіздер. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.
Қаламызда қарияларымыздың әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында көп жұмыстар атқарылып, сіздердің экономикалық, қоғамдық, мәдени, рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай туғызылуда. Осы ретте, әлеуметтік жағынан аз қамтылған қарт адамдар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер мүддесі, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелері басты назарда ұсталып келеді.
Бүгінгі күн Сіздердің алдарыңызда мәңгі қарыздар екендігімізді тағы бір есімізге салғандай болады. Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін аға ұрпақ өкілдерінің алдында бас иеміз.
Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, қарияларымыз ұзақ жасасын, – деді шаһар басшысы Абат Абайұлы.
Кеш барысында Аслан, Жасұлан Зинеденовтер «Аға мен іні», Рүстем, Мансур Кереевтер «Әке мен бала» әндерін тамылжыта шырқап, қариялардың көңілін бір сергітсе, «Ағалар әуені» Е.Хасанғалиевтің «Айналдым елім», Зияш Аманғалиева «Бастапқы ән» әндерін әуелетті. «Салтанат» би ансамблі мың бұралған билерімен таңдай қаққызды. Әрбір адамның жүрегінде үлкенге деген кішіпейілділік мол болса, мемлекетіміздің әл-ауқаты, халықтың рухани байлығы жоғарылай түсетіні сөзсіз. Бұл күнгі шара «Өсетін елдің қарты – қазына болар» дегендей, осындай алдыңғы аға буын барда бүгінгі жас ұрпақтың болашағы зор екенін дәлелдей түсті.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру
Пікір үстеу