8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2019 2224 0
Қалалықтар қаперіне

ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН СЕНБІЛІККЕ ШАҚЫРДЫ

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарын 24 тамыз күні өтетін сенбілікке шақырды. 

«Ауылына қарап – азаматын таны» дегендей, қаламыздың тазалығы ең бірінші өзімізден басталады. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші. Сүйікті Орал шаһары – Қазақстанның жасыл, экологиялық таза қаласы мәртебесіне ие қалаларының бірі. Қала аумағындағы өзен-суларды, жайқалған жасыл желектерді сол қалпында таза ұстау ең алдымен өзімізге қажет. Осы орайда республикалық «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында қаламыздың барлық тұрғындарын 24 тамыз күні өтетін қаламыздың тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын» деп жазды Абат Шыныбеков facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы күнгі жоспарланған шаралар аясында Орал қаласының барлық шағынаудандарында, қала маңындағы елді мекендерінде тазалық жұмыстар атқарылмақ. Мақсат  –  ең алдымен қала көшелерін, аулаларды, демалыс саябақтарын, балалар алаңы мен аулаларды тазарту.

«Баршаңызға белгілі, тамыз айының аяғында ҚР Конституция күнін тойласақ, 1 қыркүйек күні балаларымыз жаңа оқу жылын бастайтын болады. Сонымен қатар қыркүйек айының басынан бастап көптен күткен «Қала күні» мерекесі аталып өтіледі. Осы мерекелерге қаламыз сақадай сай болып, келген қонақтарды қарсы алуға дайын болу керек деп есептеймін. Қала – біздің ортақ үйіміз! Сол себепті, жеке меншік сектордың тұрғындарын, бизнес нысандарын, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдары, оқу орындары, ПИК қызметкерлер және қала жастары айтулы шарадан тыс қалмайды деп сенемін» делінген қала басшысының жазбасында.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»