8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Шілде 2019 1929 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДАН ТҮРКІСТАНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫНА 484 МЛН. ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысының Түркістан қаласында «Ақжайық» музыкалық кешені салынады. Бұған Батыс Қазақстан облысынан 484  млн. теңге бағытталмақ. Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 27-ші сессиясында мәлім етіліп, мәслихат депутаттары қолдайтындарын білдірді.

Аталған шығын Елбасының «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде қарастырылуда. Осы ретте Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізіледі.

– Бюджет Кодексінің 42-бабының 3-тармағы негізінде салықтық емес түсімдерді ұлғайту есебінен Түркістан облысының Түркістан қаласында «Ақжайық» музыкалық кешені құрылысына 484 млн. теңге сомадағы қаражат бағыттау ұсынылады. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, облыстық бюджет 173,8 млрд. теңгені құрайтын болады, – деп хабарлады сессия отырысында БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсемгүл Әбенова.

Мәслихат депутаты Амангелді Таспихов бұл сұрақ бұған дейін облыстық мәслихаттың  қаржы және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясында қаралғанын жеткізіп, депутаттардың аталған мәселеге орай ой-пікірін білдірді.

–  Өзімізде кейбір салалар үшін ресурс табылмай отырғанда, өзге облыстағы әлеуметтік нысанның құрылысы үшін қаржы бөлу идеясына депутаттардың қарсы болғаны рас. Мәселен, ауылдық елдімекендерде білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саласы бойынша қызмет  жасайтындарға коммуналдық төлемдері үшін өтемақы төлей алмай отырмыз. Ауыл-аймақтарға мамандарды да тарта алмай отырмыз. Өйткені, бірер жылдан бері үйді айтпағанда, көтермеақы бөлмей келеміз. Мұндай мәселелер баршылық. Дегенмен, алғашқы қаржы бөлінді және бұл еліміздің мәдени астанасын дамыту туралы Елбасының тапсырмасы. Сондықтан біз қолдаймыз, – деді аталған комиссия төрағасы, депутат Амангелді Сатыбалдыұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»