8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2019 2570 0
Өзек

АРЫСТА ЖОЙҚЫН ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаменті департментте «Қауырт желісі» іске қосылғанын хабарлады.  Тәулік бойы 8 (7112) 55-40-90 телефон нөмірі бойынша  қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік бар. 

Бүгін Түркістан облысының Арыс қаласында жойқын жарылыс орын алғаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың мәліметінше, оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылған.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Нұрахметов Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылысқа байланысты қала тұрғындары эвакуацияланып жатқанын мәлім етті.

«Арыс қаласы әкімінің өкімімен халықты Арыстан 50 шақырым жердегі Монтайтас ауылдық округіне эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл үшін 20 автобус жұмылдырылды. Сонымен қатар халықты көшіру үшін Шымкент қаласының әкімдігі 36 автобус жіберді. Шымкент қаласында 15 эвакуациялау бекеті құрылды. Қазіргі уақытта Арыстан 17 бала жеткізіліп, Самал-3 шағынауданындағы Назарбеков атындағы №87 мектепке орналастырылды», – деді ол.

 

Жарылыстың орын алғаны түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы таратылуда.

 

сурет 24.kz-тен алынды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»