№25 23.06.2016 Еңбекпен шыныққан «жасылелдіктер»
Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл он бірінші жыл өз жұмысын жалғастыруда. Бағдарлама Оралда да жүйелі іске асып келеді. Жыл өткен сайын облысымызда жалпыұлттық бастамаға үн қатып, қолдау білдіруші студенттер қатары артуда. Бұл – жастарға «еңбектің наны тәтті» болатынын ұғындырып, жазғы демалыстарында жұмыс істеп, қосымша қаржы табуына таптырмайтын мүмкіндік.
Биыл өңірдегі 18-29 жас аралығындағы студенттер мен жұмыссыз жастар үшін республикалық «Жасыл ел» штабынан 800 квота бөлінген. Соның ішінде 400 квотаға жұмыс орындары аудандарда ашылса, 400-і қаланың үлесіне тиді. «Жасылелдіктер» жаз мезгілінде үш ауысымда еңбек етеді. Қазірдің өзінде қалада алғашқы кезеңде жұмыс жасайтын 116 жаспен келісім жасалған. Аталмыш бағдарламаға негізінен студенттер қатысады. Олар Орталық шіркеу маңындағы, «Водник» аялдамасындағы, «Жазира» және «Пугачев» аудандары аралығындағы гүлді алқаптарды күту, «Жазира» ауданындағы жол бойындағы теректерді қию, №6 емхана маңындағы тал-терекке су құю, Шаған жағалауы, Шолохов көшесі бойындағы талдарды әктеу жұмыстарын өз жауапкершіліктеріне алған. «Жасыл ел» облыстық штабының басшысы Қанат Досмағамбетовтың айтуынша, жастар сондай-ақ шаһар мен ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына да қатысады. Биыл «жасылелдіктердің» жалақысы үшін облыстық қазынадан шамамен 20 млн. теңгедей қаржы бөлінсе, республика қоржынынан 1200 адамға шамамен 21 млн. теңге қарастырылған. Студенттер орта есеппен айына 40 мың теңгедей табыс табады. Күнделікті міндеттері – қала бойынша егілген жасыл желектерді баптап, күту, суару және арамшөптерді жұлу.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу