8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1927 0
Жалын

№25 23.06.2016 Еңбекпен шыныққан «жасылелдіктер»

Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл он бірінші жыл өз жұмысын жалғастыруда. Бағдарлама Оралда да жүйелі іске асып келеді. Жыл өткен сайын облысымызда жалпыұлттық бастамаға үн қатып, қолдау білдіруші студенттер қатары артуда. Бұл – жастарға «еңбектің наны тәтті» болатынын ұғындырып, жазғы демалыстарында жұмыс істеп, қосымша қаржы табуына таптырмайтын мүмкіндік.

Биыл өңірдегі  18-29 жас аралығындағы студенттер мен жұмыссыз жастар үшін республикалық «Жасыл ел» штабынан 800 квота бөлінген. Соның ішінде 400 квотаға жұмыс орындары аудандарда ашылса, 400-і қаланың үлесіне тиді. «Жасылелдіктер» жаз мезгілінде үш ауысымда еңбек етеді. Қазірдің өзінде қалада алғашқы кезеңде жұмыс жасайтын 116 жаспен келісім жасалған. Аталмыш бағдарламаға негізінен студенттер қатысады. Олар Орталық шіркеу маңындағы, «Водник» аялдамасындағы, «Жазира» және «Пугачев» аудандары аралығындағы гүлді алқаптарды күту, «Жазира» ауданындағы жол бойындағы теректерді қию, №6 емхана маңындағы тал-терекке су құю, Шаған жағалауы, Шолохов көшесі бойындағы талдарды әктеу жұмыстарын өз жауапкершіліктеріне алған. «Жасыл ел» облыстық штабының басшысы Қанат Досмағамбетовтың айтуынша, жастар сондай-ақ шаһар мен ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына да қатысады. Биыл «жасылелдіктердің» жалақысы үшін облыстық қазынадан шамамен 20 млн. теңгедей қаржы бөлінсе, республика қоржынынан 1200 адамға шамамен 21 млн.  теңге  қарастырылған. Студенттер орта есеппен айына 40 мың теңгедей табыс табады. Күнделікті міндеттері – қала бойынша егілген жасыл желектерді баптап, күту, суару және арамшөптерді жұлу.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
196 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
383 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
373 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»