8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Маусым 2019 1968 0
Дені сау ұлт

Халық денсаулығының «сақшысы»

Медицина қызметкерлерінің мерекесі біздің елімізде – өзін медицина мамандығымен байланыстырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға үлес қосып жүрген азаматтардың күні. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес, әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы екендігін білуге тиіс. Осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп, тұрғындар денсаулығының «сақшысы» атанып жүрген жандардың бірі – Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Қибат Ахметқалиева.

 

Қибат Ахметқалиева (суретте) орта мектеп бітіргеннен кейін еңбек жолын Чапаев аулында қоршаған ортаны бақылау басқармасында кіші техник болып бастады. Алайда,  кішкентайынан дәрігер боламын деген арманы оған маза бермей, 1981 жылы Орал қаласындағы медициналық училищесіне құжат тапсырды. Емтиханнан сүрінбей өтіп, аталған оқу орнының студенті атанды.

1983 жылы арнайы  орта медициналық оқу орнын ойдағыдай бітіріп, сол жылы Орал қаласындағы №3 қалалық  емханаға медбике болып орналасады. Емханада жұмыс  істеген жылдары ем-дом жасаудың неше түрлі қыр-сырларын меңгеріп, аз ғана уақыттың ішінде  жұмыстастары арасында білікті, жігерлі маман ретінде үлкен абыройға ие болады. Қандай жұмысқа жіберсе де оны үлкен ыждағаттылықпен, сүйіспеншілікпен атқарды. Жарғақ құлағы  жастыққа тимей еңбектенетін жас маман үнемі ізденісте жүрді. Ем-домның  соңғы  үлгідегі түрін тез  меңгергені үшін әкімшілік тарапынан да тиісті қолдау  көрсетіліп  отырды. Осындай ынталандырудың нәтижесінде ол жоғарғы білімді маман болуды мақсат тұтады.

1986 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина институтының санитария, гигиена факультетіне түсті. Студент кезінде облыстық клиникалық ауруханасында  медбике болып жұмыс істеді. Оқуды бітіргеннен кейін 1992 жылы Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясына дәрігер-эпидемиолог болып жолданады. Теориялық  оқыған  білімін практикада шебер жүзеге асыра білді. Сол кездің өзінде бірнеше адамның өмірін алып қалғанына өзінің де үлес қосқанын үлкен мақтаныш сезімімен жеткізіп отырады. Бәрі күні кеше сияқты.

Бүгінде Қибат Жәмелқызы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында бас маман қызметінде. Оның жұмысының басым бағыты – туберкулез ауруына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру. Түсінген жанға бұл оңай шаруа емес. Жұмыс көлемі  ұлғайса да, ошақтардағы  эпидемияға қарсы шараларды  тиімді  әрі тез атқару оған тән. Сонымен қатар  ол өзінің біліктілігін арттыруды да маман ретіндегі басты міндеті санайды. Бірнеше рет біліктілік арттыру курстарында болып, оны жастарға  үйретуден жалыққан емес.

Халық денсаулығын нығайтуда соның ішінде тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі жеке үлесімен адал да тиянақты еңбегі үшін ол бірнеше рет облыстық, қалалық әкімшілік,  кәсіподақ  ұйымдары тарапынан  Құрмет грамоталарымен, Алғыс  хаттармен, бағалы сыйлықтармен  марапатталған.

«Жақсының  жақсылығын  айт нұры тасысын» демекші,  мен де қалалық басқармада жұмыс жасаған жылдары Қибат Жәмелқызы сияқты алғыр, білгір, жауапкершілігі мол әріптестермен  жұмыс жасағанымды мақтан тұтамын. Әрине, ол туралы әлі көп айтуға да, жазуға да болады. Осындай әріптестеріміз туралы мақтанышпен айтып, келер буын еңбек жолынан үлгі алса деп тілейміз.

Қапиет Ғинаятұлы, Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Ақылмандар мүшесі, Еңбек  ардагері, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
782 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
763 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»