8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Мамыр 2019 2078 0
Өзек

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ИНСПЕКТОРЛАР БЕЙНЕТІРКЕУ ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ЖАРАҚТАНДЫРЫЛАДЫ

 Оралдағы ветеринарлық инспекторларға бейнетіркеу құрылғысы берілмек. Бұл ветеринарлық-санитарлық бақылау жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдерін жоюдың алғышарты болмақ. Бұл мәселе бүгін Орал қаласы әкімдігінде Орал қаласы ветеринария бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселесі қаралған жиында айтылды.  

Жиынға БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары С. Мұстафин, қала әкімінің орынбасары С.Доляның және БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің, қалалық бөлім басшылары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің сөзінше, Орал қаласы бойынша ветеринарлық-санитарлық бақылау жүйесі қызметкерлерінің пара алуы жыл сайын анықталып отыр. Мәселен, 2017 жылы бөлім басшысы Лұқпанов пен бас маман Бекқалиев сотқа тартылса, 2018 жылы бас маман Түркеев де парамен жазаға тартылды.  Әйтсе де, ветринария қызметкерлерінің қала базарлары  кәсіпкерлерінен ақша жинауы тыйылмай тұр. Жуырда, яғни 16 мамыр күні Орал қаласы ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Ізтілеуовке сот шешімі шықты. Малдың сойылғаны туралы ветеринарлық анықтамасыз ет өнімдерін Орал қаласы базарына кедергісіз әкелуге және сатуға жол беріп, сол үшін бірнеше мәрте пара алғаны үшін айыпталған ол енді 332 500 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметті иелену құқынан айырылды.

Саладағы өзекті мәселені көтерген сыбайлас жемқорлық қызмет өкілдері шенеуніктердің кәсіпкерлермен тікелей байланысы және рұқсат құжаттарын беруде кең өкілеттіліктерінің болуы сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай жасайтынын және оның салдары облыстағы эпизоотиялық жағдайға кері ықпалы ету мүмкіндін атады. Өйткені сауда сөрелерінге ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай келмейтін өнімдер түсуі бек мүмкін.

Жиын барысында саладағы жемқорлық тәуекелдерін жою жұмыстары талқыланды. Ветеринарлық-санитарлық бақылау жүйесіндегі жемқорлықтың алғышарттарын жою мақсатында қала әкімдігі ветеринарлық инспекторларды бейнетіркеу құрылғысымен жарақтандыруды жоспарлап отыр.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
66 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
200 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»