8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2019 1825 0
Қоғам

Қ.РАХМЕТОВ: «ТӘКАППАР АДАМНЫҢ ОБРАЗЫН ШЫНАЙЫ ӨМІРДЕН ІЗДЕДІМ»

20 мамыр күні Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тасқала аудандық халық театры жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасын сахналады. Мағжан Жұмағалиевтың режиссерлығымен сахнаға шығарылған туындыда Тасқала ауданындағы «Намыс» жастар қоғамдық бірлесітгінің төрағасы Қамбар Рахметова бай, кез келген мәселені ақшамен шешуге дайын әке Аянның рөлін сомдады. 

– Бұл, халық театрындағы екінші рөлім. Бәріміздің негізгі жұмысымыз басқа. Бірақ, біздің бір бүйіріміз сахнаға тартып тұрады. Бала кездегі арманым болған актерлікті дипломсыз-ақ шамам келгенше көтеріп жүрмін. Режиссеріміз «рөлді өзің сезінбейінше, бойыңа сіңірмейінше, халыққа жеткізе алмайсың» деді. «Ар азабында» маған  қалталылармен ғана достасатын, тәкаппар, қыдырымпаз, барлық мәселені ақшамен шешетін, үйдегі ұлы әкесімен бәсекелесіп байлық қуса,  қызы  Бота  тәрбиеден жұрдай әкенің  рөлі тиді.  Мен шынайы өмірден осы образды іздедім. Расында біздің қоғамда шіренген байсымақтар көп.  Солардың іс-әрекеттерін «ұрлап» бойыма сіңіруге тырыстым.  Топтық дайындықтан бөлек, көшеде, үйдегі айнаның алдында қимыл-қозғалысымды, әр сөзімді жүйелеп, жеке дайындық жүргіздім. Маған қиындық туғызғаны, қызымның өзгеден аяғы ауыр болып, алданып қалғанын естіген сәтті көрсету болды. Біреудің сүттен ақ, судан тұнық баласы Ғаділбектің кластасы болған қызыма аяқ астынан алданып қалғаны, маған асығыс той жасатқаны жүрегімді ауыртты. «Бөріктінің намысы бір» деген, күйеубалам Ғаділбекті ақшасы жоқ, кітаптан бас алмайтын оқымысты деп менсінбесем де оның алдында өзімді кінәлі сезіндім. Аян болып образға енген сайын Ғаділбектің тағдырын ойлап, күйзеліске түстім.  Мұндай оқиғалардың  өмірде көп кездесетіні рас.

Ауданда сахналаған  бір бөлек те, облыстық театрда қалың жұртшылықтың қошеметіне бөленудің сезімі ерекше екен. Зал толы көрерменнің ұзақ қол соққанынан көңілім марқайып, өзіме разы болдым, – дейді Қамбар.

Жазып алған: Е.АСХАТҚЫЗЫ 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»