8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2019 1646 0
Қоғам

СЕГІЗ БАСЫМДЫҚ АЙҚЫНДАЛЫП, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз басымдықты айқындап, облыста атқарылуы тиіс негізгі жұмыстарға байланысты Үкімет пен облыс басшысына тапсырмалар жүктеді.

Біріншіден, облыстың өндірістік әлеуетін пайдаланып, жоғары технологиялы кәсіпорындар ашу және инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу қажет.
Екінші тапсырма – агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін пәрменді іс-шаралар қабылдау.
Үшіншіден, әкімдіктер халықты кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларына тартып, бизнесті жүргізудің негіздеріне оқытуы және шағын несиелеу тәжірибесін кеңейтуі қажет.
Төртінші міндет – облыстың барлық аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және тұрғын үй саясатын белсенді жүргізу. Облыс басшысына «Қолжетімді баспана» құрылысының барысы мен тұрғын үйлерді бөлуді қатаң бақылауда ұстау тапсырылды. 2020 жылы облыстағы елдімекендердің орталықтандырылған ауыз сумен қамту жүйесіне қосылуын 80 пайызға дейін жеткізу қажет.
Бесінші міндет – бірінші санатты инфрақұрылымды қамтамасыз ету. Бұл ретте 2021 жылға дейін Қазталов, Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандары бағытындағы жол құрылысын аяқтау міндеті тұр. Тозығы жеткен электр желілерін жаңарту қажет.
Алтыншы міндет – әкімдіктер басқарудың жаңа технологияларын қолдану қажет. Облыс басшылығы қоғамдық бақылау жүргізу және сол сәтте мәселені шешу үшін азаматтық қоғамды белсенді тартуы керек. Кедергісіз орта қалыптастырып, адамдардың өтініштеріне жедел жауап берулері керек.
Жетіншіден, елімізде жастардың өздерін дамытуға мүмкіндіктері бар екенін іс жүзінде көрсету қажет.
Сегізінші міндет – биліктің халық алдындағы жауапкершілігі. Бұл ретте Үкімет 2025 жылға дейін мемлекет, бизнес, үкіметтік емес ұйым арасындағы жауапкершілікті айқындау мақсатында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын дайындауы тиіс.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»