Арқа жұртының алғысы шексіз
Бұл да жасыл желегі жайқалған жасампаз Ақ Жайықтың асқақтаған абыройын, бірлігі мен татулығын, ұйымшылдығын, ынтымағын білдіреді. Экономикасы мен ауыл шаруашылығының және мәдениетінің қарыштап алға басқанын дәлелдейді. Өлкеміздің ардагерлері, зиялы қауым, өнерпаздары түгел қатысып, атсалысқан «Бейбітшілік және келісім сарайында» өткен үлкен концерттің де астаналықтар есінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.

«Елде болса ерінге тиеді» дегендей, жаз бойы күннің ыстығына қарамастан, дала төсінде егіні мен бақшасын жайқалтып, малын өсірген жерлестеріміздің еңбекқорлығын, қайсарлығын сонау Есіл жаққа апарған, ол жақтағы ағайынды таңқалдырған игі істерінен, «Хан шатырында» қыздырған сауда-саттықтарынан көруге болады. Бұл жайлы да астаналық бауырлар әлеуметтік желілерге және «Facebook» парақшаларына оң пікірлерін, алған әсерлерін әлі күнге жазуда.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», өнерін де, өнімін де аямай, мәдениетіміздің мәртебесін, Жайығымыздың жайсаң тірлігін көрсетіп, Астанаға ел сенімін жеткізіп есен-сау барып қайтқан оралдықтарға барша ел-жұрт дән риза! Арқа төсінің алғысы шексіз… Ендеше біз, Астана қаласындағы 17-18 қыркүйекте өткен облыс күндерін «Жайық Пресс» ЖШС-ның қызметкерлері Нұртас Сафуллин мен Наталья Горохованың суреттері арқылы сөйлетуді жөн көрдік.
Мира ХАМЗАҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Кіру
Пікір үстеу