8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2026 569 0
Қалалықтар қаперіне

Өрттен кейінгі жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде

Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында болған өрттің салдары жойылып, қазіргі таңда аумақты рекультивациялау жұмыстары жалғасуда. Өрт ошағы толық сөндірілгеннен кейін мамандар полигонды қауіпсіз жағдайға келтіруге кірісті.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін аумақтың жалпы көлемі 15 гектардан асады. Бұл жұмыстар тәулік бойы ұйымдастырылып, оған арнайы техника мен қажетті жұмыс күші тартылған. Негізгі мақсат – полигонның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаға келетін ықтимал әсерді барынша төмендету.

Қазіргі уақытта рекультивацияның бірнеше кезеңі қатар жүргізілуде. Атап айтқанда, жерді тегістеу, инертті материалдар төсеу және өзге де технологиялық жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Әрбір кезеңнің орындалу барысы жауапты мамандардың тұрақты бақылауында.

Алдын ала жоспарға сәйкес, рекультивациялау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Жұмыстар толық аяқталғанға дейін жергілікті атқарушы органдар жағдайды бақылауда ұстап, барлық шараның сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
249 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
289 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
326 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
524 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»