8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Тамыз 2026 288 0
Өңір жаңалықтары

Өңір экономикасындағы өсім мен өзекті мәселелер қаралды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде өңірдің биылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестиция тарту бағытындағы жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ негізгі көрсеткіштердің орындалуы бағаланып, жауапты мекемелерге алдағы кезеңге арналған міндеттер жүктелді.

Жиында атап өтілгендей, есепті кезеңде облыстың негізгі жеті әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінің бесеуі бойынша өсім қалыптасты. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 104,2 пайызды құрап, өндірілген өнім көлемі 118,5 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 331,8 млрд теңгені құрап, өсім 123 пайыз болды.

Құрылыс саласында да оң нәтиже байқалды. Алты ай ішінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 143,6 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 117,1 пайызға жетті. Осы кезеңде 223 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,6 пайызға артты. Ішкі сауда көлемі 602,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,5 пайыз болды.

Сонымен қатар кеңесте бірқатар бағыттардағы көрсеткіштерге де тоқталды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 018,3 млрд теңгені немесе 90,4 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі төмендеу бірқатар ірі және орта кәсіпорындардың өндірістік тапсырыстарының жеткіліксіздігімен байланысты екені айтылды. Ал көлік қызметтері көлемі 98,4 пайызды құрады.

Күн тәртібінде инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына да ерекше назар аударылды. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған аудан әкімдерінің есептері тыңдалып, қалыптасқан мәселелердің себептері талқыланды.

Кеңес соңында облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу қарқынын бәсеңдетпеуді, экономикалық өсімге ықпал ететін жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар көрсеткіштері төмен бағыттар бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оның орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін айтты.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
252 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
292 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
327 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
525 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»