8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2017 2985 0
Қоғам

Арқа жұртының алғысы шексіз

Бұл да жасыл желегі жайқалған жасампаз Ақ Жайықтың асқақтаған абыройын, бірлігі мен татулығын, ұйымшылдығын, ынтымағын  білдіреді.  Экономикасы мен  ауыл шаруашылығының және мәдениетінің қарыштап алға басқанын дәлелдейді. Өлкеміздің  ардагерлері, зиялы қауым, өнерпаздары түгел қатысып, атсалысқан «Бейбітшілік және келісім сарайында» өткен үлкен концерттің де астаналықтар есінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.

«Елде болса ерінге тиеді» дегендей, жаз бойы күннің ыстығына қарамастан,  дала төсінде егіні мен бақшасын жайқалтып, малын өсірген жерлестеріміздің  еңбекқорлығын, қайсарлығын сонау Есіл жаққа апарған, ол жақтағы ағайынды таңқалдырған  игі істерінен, «Хан шатырында» қыздырған сауда-саттықтарынан көруге болады.   Бұл жайлы да астаналық  бауырлар әлеуметтік желілерге  және  «Facebook» парақшаларына оң пікірлерін, алған әсерлерін  әлі күнге жазуда.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»,  өнерін де, өнімін де аямай, мәдениетіміздің мәртебесін, Жайығымыздың жайсаң тірлігін  көрсетіп, Астанаға ел сенімін жеткізіп есен-сау барып қайтқан оралдықтарға  барша ел-жұрт  дән риза!  Арқа төсінің алғысы шексіз…  Ендеше біз, Астана қаласындағы  17-18 қыркүйекте өткен облыс күндерін  «Жайық Пресс» ЖШС-ның  қызметкерлері Нұртас Сафуллин мен Наталья Горохованың суреттері  арқылы сөйлетуді жөн көрдік.

Мира ХАМЗАҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Құрылыс сапасы қатаң бақылауда
16 Сәуір 2026
78 0
Құттықтаймыз!
Қазақ әдебиетінің жарқын келешегі
15 Сәуір 2026
468 0
Toqaev2026
13 Сәуір 2026
227 0
Ғылым
Ғылыми мүмкіндіктер әлеуеті
12 Сәуір 2026
360 0
Таза Қазақстан
Тазалық – ортақ міндет
11 Сәуір 2026
398 0
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс қарқыны артып келеді
10 Сәуір 2026
429 0
Өзек
Бизнес нысандар тексерілді
09 Сәуір 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»