Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Орал қаласында азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 шілде күні сағат 15:40-та полицияның «102» арнасына Орал қаласындағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адамның бетперде киіп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы қолма-қол ақшаны алып кеткені туралы хабарлама түскен. Ақпарат бойынша оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары дүкен мен оған іргелес аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын жедел зерделеп, күдіктінің фотокескінін әзірледі. Бірнеше минуттың ішінде барлық наряд пен қызметтерге бағдар беріліп, аумақ толық қоршауға алынды.
Тәртіп сақшылары күдіктінің уақыт жағынан алысқа ұзап үлгермегенін есептеп, іздеуді жақын маңнан бастады. Бұл болжам дәл шықты. Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктінің қалың шөптің арасында жасырынып жатқанын байқап қалады. Алайда ол қолындағы пышақпен полиция қызметкерлеріне тап береді. Өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Еркебұлан Жұмақашев пен Берік Лукпанов жоғары жауынгерлік дайындық танытты. Арнайы әдістерді шебер қолданған олар қарулы шабуылдаушыны санаулы сәттер ішінде құрықтады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ұсталған азаматтың 29 жаста екені анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді
Елге қызмет еткен тұлғаға құрмет: Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығы аталып өтті
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті

Кіру